https://sputnik.kz/20240321/pavlodarda-kopirdi-zharyqtandyruga-130-million-tenge-zhumsalmaq-43109561.html
Павлодарда көпірді жарықтандыруға 130 миллион теңге жұмсалмақ
Павлодарда көпірді жарықтандыруға 130 миллион теңге жұмсалмақ
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Павлодардағы теміржол көпірін жарықтандыруға 130 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды pavon.kz. 21.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-21T19:21+0500
2024-03-21T19:21+0500
2024-03-21T19:21+0500
павлодар облысы
көпір
https://sputnik.kz/img/07e4/08/10/14720391_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_f0aaaef63f1b326d5dd3f83b50774120.jpg
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Павлодардағы теміржол көпірін жарықтандыруға 130 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды pavon.kz.Көпірді жарықтаныдырып қана қоймай, үлкен LED экран орнату жоспарланған. Мұның бәрі қаланың туристік тартымдылығын арттыру және оның сәулеттік келбетін жақсарту үшін жасалған. Алайда, қоғам қайраткерлері мұндай шығындармен келіспей отыр."Әділдік жолы" РҚБ Павлодар филиалының басшысы Нұргүл Қайырденованың айтуынша, ондаған миллион бюджеттік теңге жұмсағысы келетін көпір "ҚТЖ" балансында.Оның айтуынша, тапсырыс беруші бұл конкурсқа тек сәндік-әрлеу жұмыстары түріндегі декоративті безендіру ретінде қарап отыр, ал объектінің маңыздылығы назардан тыс қалған."Ол жерде жоғары вольтты желілер өтіп, пойыздар жиі жүреді. Бірақ ол есепке алынбай отыр. Болашақта мердігер жарықтандыруды қалай жөндей алады, стратегиялық нысанда жұмыс істеуге қаншалықты тез рұқсат ала алады", - дейді қоғам қайраткері.Конкурс мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды, әлеуетті өнім берушілерден өтінімдерді қабылдау 11 сәуірде аяқталады. Тапсырыс беруші - қалалық ТКШ бөлімі.Мердігер мамыр айының соңына дейін сәндік жарықтандыруды орнату бойынша барлық жұмыстарды орындауы керек. Бұл жағдайда нақты талаптар – жарықтандыруды орнатқаннан кейін объект қандай болуы керек - техникалық құжаттамада жазылмаған.Сондай-ақ пойыздардың жүру кестесінде көпірде жұмыс істеу әсер ете ме деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр."Биыл Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен теміржол көпірін сәулеттік жарықтандыру жұмыстары жоспарланған. 22,2 мың дана жарықдиодты LED-пикселдерді және бағандарды жарықтандыруға арналған 48 прожекторды пайдалана отырып, өлшемі 257 - ден 10 метрге дейінгі медиа экран орнатылады. Сондай-ақ кабель желілерін төсеу және қорек блоктарын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізіледі", - деп ТКШ бөлімінде өз ұстанымын білдірді.Бөлім мамандарының айтуынша, бұл сәулеттік жарықтандыру туристік тартымдылықты дамыту және Павлодар қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында орнатылады. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша мердігер ұйым анықталғаннан кейін бастау жоспарланған.Сонымен қатар қоғам белсенділері мұндай шығындарды орынсыз деп санайды. Олар прокуратураға жағдайды түсінуді сұрап хат жолдады.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/10/14720391_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2bee63a3121b0cb5ca3a8bf163be730f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, көпір
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Павлодардағы теміржол көпірін жарықтандыруға 130 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды
pavon.kz. Көпірді жарықтаныдырып қана қоймай, үлкен LED экран орнату жоспарланған. Мұның бәрі қаланың туристік тартымдылығын арттыру және оның сәулеттік келбетін жақсарту үшін жасалған. Алайда, қоғам қайраткерлері мұндай шығындармен келіспей отыр.
"Әділдік жолы" РҚБ Павлодар филиалының басшысы Нұргүл Қайырденованың айтуынша, ондаған миллион бюджеттік теңге жұмсағысы келетін көпір "ҚТЖ" балансында.
"ҚТЖ" қосымша жарықтандыру қажет болған жағдайда мұны қала бюджетіне қарамастан өз бетінше жасай алады. Сондай-ақ осы жоба бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленбеген және сараптама жоқ", - деді Нұргүл Қайырденова.
Оның айтуынша, тапсырыс беруші бұл конкурсқа тек сәндік-әрлеу жұмыстары түріндегі декоративті безендіру ретінде қарап отыр, ал объектінің маңыздылығы назардан тыс қалған.
"Ол жерде жоғары вольтты желілер өтіп, пойыздар жиі жүреді. Бірақ ол есепке алынбай отыр. Болашақта мердігер жарықтандыруды қалай жөндей алады, стратегиялық нысанда жұмыс істеуге қаншалықты тез рұқсат ала алады", - дейді қоғам қайраткері.
Конкурс мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды, әлеуетті өнім берушілерден өтінімдерді қабылдау 11 сәуірде аяқталады. Тапсырыс беруші - қалалық ТКШ бөлімі.
Мердігер мамыр айының соңына дейін сәндік жарықтандыруды орнату бойынша барлық жұмыстарды орындауы керек. Бұл жағдайда нақты талаптар – жарықтандыруды орнатқаннан кейін объект қандай болуы керек - техникалық құжаттамада жазылмаған.
Сондай-ақ пойыздардың жүру кестесінде көпірде жұмыс істеу әсер ете ме деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.
"Биыл Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен теміржол көпірін сәулеттік жарықтандыру жұмыстары жоспарланған. 22,2 мың дана жарықдиодты LED-пикселдерді және бағандарды жарықтандыруға арналған 48 прожекторды пайдалана отырып, өлшемі 257 - ден 10 метрге дейінгі медиа экран орнатылады. Сондай-ақ кабель желілерін төсеу және қорек блоктарын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізіледі", - деп ТКШ бөлімінде өз ұстанымын білдірді.
Бөлім мамандарының айтуынша, бұл сәулеттік жарықтандыру туристік тартымдылықты дамыту және Павлодар қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында орнатылады. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша мердігер ұйым анықталғаннан кейін бастау жоспарланған.
Сонымен қатар қоғам белсенділері мұндай шығындарды орынсыз деп санайды. Олар прокуратураға жағдайды түсінуді сұрап хат жолдады.