Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО делегациясы Украинаға әскери операция басталғалы бері алғаш рет барды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Жазылу
Ресей Федерациясының сыртқы саясат басқармасы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы, "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. НАТО әскери комитетінің басшысы адмирал Роб Бауэр Ресей әскери операциясы басталғаннан бері альянстың әскери делегациясының құрамында Киевте бірінші рет болғанын хабарлады.
Ол бұл сапарды "НАТО мен Украинаның жақындай түскенін білдіреді" деп түсіндірді.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат басқармасы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы, "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаны батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету Ресей-Украина келіссөздеріне теріс әсер ететінін айтты. Лавровтың айтуынша, АҚШ пен НАТО-ның Украинадағы қақтығысқа тікелей қатысы бар, оның ішінде қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде кадрлар даярлап жатыр.
Жаңалықтар
0