"Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді": Тоқаев төрт ауқымды жоба туралы айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПраздничный концерт к Наурызу в Алматы
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елімізде 4 ауқымды жоба қолға алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматыға жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараға қатысты. Сол жерде жаңа жылда қолға алынатын төрт жоба туралы айтты.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПразднование Наурыза в Алматы
Празднование Наурыза в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Празднование Наурыза в Алматы
Биыл көптеген жылу орталығы және инженерлік желілер жаңғыртылады. Республика бойынша 12 мың шақырым жол салынады. Сонымен қатар 300 мың адам табиғи газдың игілігін көре бастайды. Ал ауыл мен аудан тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПраздничный концерт к Наурызу в Алматы
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы
Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайды. Бұдан бөлек, жалға берілетін баспана саны бірнеше есе көбейеді.
"Мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Елге, халыққа арналған осындай игі шаралар міндетті түрде жалғасын табады", - деді Тоқаев.
Президент жаңару мен жаңғырудың символына айналған Наурыз мейрамы биыл қоғам дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіретінін ерекше атап өтті. Негізгі мақсат - Әділетті Қазақстанды құру.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПраздничный концерт к Наурызу в Алматы
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы
"Біз адал еңбек етіп, адал табысқа жете алатын әділ қоғам орнатуымыз керек. Мұндай қоғамды адал азаматтар қалыптастырады. Бір сөзбен айтсақ, әділдік пен адалдық – әрдайым қатар жүретін егіз ұғым. Сондықтан біз құрып жатқан қоғамда баршаға бірдей мүмкіндік беріледі", - деп атап көрсетті Толқаев.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПраздничный концерт к Наурызу в Алматы
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы
Осы орайда ол озық мемлекет болу үшін тек жарқын болашаққа сеніммен қарау қажеттігін де жеткізді.
"Біздің үмітіміз – жастар. Қазақстанның келешегі сіздердің қолдарыңызда. Белсенді, санасы сергек, ойы ұшқыр, адал, көзі ашық жастарға біз әрдайым қолдау көрсетеміз", – деді президент.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПраздничный концерт к Наурызу в Алматы
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Праздничный концерт к Наурызу в Алматы
Жаңалықтар
0