Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпаздары анықталды - фото
Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпаздары анықталды - фото
Sputnik Қазақстан
Беделді Sony World Photography Awards 2024 байқауының Open Competition номинациясының жеңімпаздары мен финалистері жарияланды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген... 20.03.2024, Sputnik Қазақстан
Байқауға қатысқан фотографтар оңтайлы ракурс арқасында кішкентай китті тамақтандыру, ягуардың таңғы асына айналған қолтырауын, пілдердің өз баласына деген ата-аналық қамқорлығы секілді әсерлі сәттерді суретке түсіріп, қоршаған әлем мен жабайы табиғаттың сұлулығын жеткізді.Дүниежүзілік фотография ұйымы беделді Sony World Photography Awards 2024 сыйлығының 10 номинация бойынша жеңімпаздарын жариялады.Биыл байқауға қатысушылар әлемнің әртүрлі елдерінен 395 мыңнан астам жұмысын жіберді.
Беделді Sony World Photography Awards 2024 байқауының Open Competition номинациясының жеңімпаздары мен финалистері жарияланды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды фотографтардың тамаша жұмысын Sputnik суреттер топтамасынан көріңіз.
Байқауға қатысқан фотографтар оңтайлы ракурс арқасында кішкентай китті тамақтандыру, ягуардың таңғы асына айналған қолтырауын, пілдердің өз баласына деген ата-аналық қамқорлығы секілді әсерлі сәттерді суретке түсіріп, қоршаған әлем мен жабайы табиғаттың сұлулығын жеткізді.
Дүниежүзілік фотография ұйымы беделді Sony World Photography Awards 2024 сыйлығының 10 номинация бойынша жеңімпаздарын жариялады.
Биыл байқауға қатысушылар әлемнің әртүрлі елдерінен 395 мыңнан астам жұмысын жіберді.
Ұлыбритания фотографы Ян Форд "Жабайы табиғат" категориясы бойынша бірінші орынды иеленді. Ол Оңтүстік Африкадағы Сан-Лоуренсе өзенінің жағалауында қолтырауынды суретке түсіріп алған.
Лиам Ман түсірген "Сторр үстіндегі ай сәулесі" атты сурет.
Ай көкжиектен көтерілгенде Шотландиядадағы Сторр айналасы жарықтана түседі. Бұл таңғажайып жартас түзілімі дрондарға бекітілген қуатты прожекторлармен жарықтандырылып тұр.
Нидерланды фотографы Роб Бланкеннің атауы жоқ суретте 5 есе үлкейтілген амин қышқылдарының кристалдары (В-аланин, L-глутамин және глицин) поляризациялық фильтрлердің көмегімен суретке түсірілген.
Фотограф Сейед Али Хоссейни Фар түсірген "Зейнаб және оның кәрі төбеті" атты сурет.
"Зейнаб - Иранның Азад Манжир ауылында тұратын алты жастағы ақкөңіл қыз. Оның Пашмалу есімді кәрі әрі мейірімді төбеті бар. Ол бұл кәрі шопан итті қатты жақсы көреді және оған адамдармен қол алысуды үйретті", - дейді фотограф.