https://sputnik.kz/20240320/qazaqstan-men-qyrgyzstan-arasynda-odaqtastyqty-keneytu-turaly-shartqa-qol-qoyylady-43050603.html
Қазақстан мен Қырғызстан арасында одақтастықты кеңейту туралы шартқа қол қойылады
Қазақстан мен Қырғызстан арасында одақтастықты кеңейту туралы шартқа қол қойылады
Sputnik Қазақстан
Астана мен Бішкек бір-біріне зиян келтіретін қандай да бір блоктарға немесе одақтарға қатыспауға міндеттеледі 20.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-20T19:45+0500
2024-03-20T19:45+0500
2024-03-20T19:45+0500
қырғызстан
ынтымақтастық
шекара
https://sputnik.kz/img/07e7/04/03/33524189_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_99cf639f4dde1de69059ef3396d946c4.jpg
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды кеңейту туралы шартқа қол қояды.Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан тұрақты кездесулердің тетіктерін пайдалана әрі жетілдіре отырып, одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейту және тереңдету үшін үйлестірілген мақсатты күш-жігер жұмсайды. Ең алдымен, екіжақты қатынастар және өзара қызығушылық тудыратын өзекті халықаралық проблемалар мәселелері жоғары деңгейлерде үнемі талқыланады.Астана мен Бішкек бір-біріне зиян келтіретін қандай да бір блоктарға немесе одақтарға қатыспауға міндеттеледі. Сондай-ақ олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін үшінші тараптармен кез келген әрекеттер мен ынтымақтастықтан бас тартылады.Сондай-ақ елдердің ешқайсысы оның аумағы мен ресурстарының агрессияны немесе басқа тарапқа қарсы өзге де дұшпандық әрекеттерді дайындау немесе жүзеге асыруға жол берілмейді. Сондай-ақ екінші тараптың мемлекеттік егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге жол жоқ.Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасында трансшекаралық сын-қатерлерге, тәуекелдерге тиімді қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шекара саясатын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен шекарасын қорғауда ынтымақтастық күшейтіледі.ҚР парламентаралық кеңесі мен Қырғыз Республикасының тұрақты отырыстарында тараптар парламентаралық байланыстарды ары қарай дамытып, нығайтады."Осы шарт ұйым жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының хатшылығында тіркеледі", - делінген мәтінде.Жарлық жобасы авторларының айтуынша, құжат Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының кешенді дамуына қосымша серпін беру мақсатында әзірленген.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/03/33524189_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_b5ba20b901f2abbce88389d3fe737392.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, ынтымақтастық, шекара
қырғызстан, ынтымақтастық, шекара
Қазақстан мен Қырғызстан арасында одақтастықты кеңейту туралы шартқа қол қойылады
Астана мен Бішкек бір-біріне зиян келтіретін қандай да бір блоктарға немесе одақтарға қатыспауға міндеттеледі
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды кеңейту туралы шартқа қол қояды.
Бұйрықтың жобасы "
Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шарттың жобасы мақұлдансын", - делінген жоба мәтінінде.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан тұрақты кездесулердің тетіктерін пайдалана әрі жетілдіре отырып, одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейту және тереңдету үшін үйлестірілген мақсатты күш-жігер жұмсайды. Ең алдымен, екіжақты қатынастар және өзара қызығушылық тудыратын өзекті халықаралық проблемалар мәселелері жоғары деңгейлерде үнемі талқыланады.
Астана мен Бішкек бір-біріне зиян келтіретін қандай да бір блоктарға немесе одақтарға қатыспауға міндеттеледі. Сондай-ақ олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін үшінші тараптармен кез келген әрекеттер мен ынтымақтастықтан бас тартылады.
Сондай-ақ елдердің ешқайсысы оның аумағы мен ресурстарының агрессияны немесе басқа тарапқа қарсы өзге де дұшпандық әрекеттерді дайындау немесе жүзеге асыруға жол берілмейді. Сондай-ақ екінші тараптың мемлекеттік егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге жол жоқ.
Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасында трансшекаралық сын-қатерлерге, тәуекелдерге тиімді қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шекара саясатын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен шекарасын қорғауда ынтымақтастық күшейтіледі.
ҚР парламентаралық кеңесі мен Қырғыз Республикасының тұрақты отырыстарында тараптар парламентаралық байланыстарды ары қарай дамытып, нығайтады.
"Осы шарт ұйым жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының хатшылығында тіркеледі", - делінген мәтінде.
Жарлық жобасы авторларының айтуынша, құжат Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының кешенді дамуына қосымша серпін беру мақсатында әзірленген.