https://sputnik.kz/20240320/piyaz-onimi-zhanarmay-subsidiya-ministr-zhambyl-oblysynyn-fermerlerimen-kezdesti--43021486.html
Пияз өнімі, жанармай, субсидия: министр Жамбыл облысының фермерлерімен кездесті
Пияз өнімі, жанармай, субсидия: министр Жамбыл облысының фермерлерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
"Кең-дала" бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға биыл 140 млрд теңге бағытталған 20.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-20T08:56+0500
2024-03-20T08:56+0500
2024-03-20T08:56+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
субсидиялар
жанармай
https://sputnik.kz/img/07e8/03/14/43020599_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_37cae2e20ba94d7390ddba8fc232fdba.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Пияздан мол өнім алған Жамбыл облысының диқандары экспортқа тыйым салынғандықтан оны сата алмай отыр. Фермерлер өңірге жұмыс сапарымен барған ауыл шаруашылығы министріне пияз мәселесі туралы сұрақтар қойды.Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп қалыптасқан жағдайды шешу үшін, оның ішінде тұрақты қорларға пияз сатып алу және тауарды сыртқы нарықтарға сату бойынша барлық қажеттішаралар қабылданып жатқанын жеткізді.Ол сондай-ақ "Кең-дала" бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға биыл 140 млрд теңге бағытталғанын атап өтті. Өтінімдерді қабылдау 19 қаңтарда басталды.Өз кезегінде шаруалар министрден егісжұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге қосымшақаражат бөлу жайында сұрады. Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін пысықтаужүргізіліп жатқанын түсіндірді. Сондай-ақ, облысфермерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатыпалу кезінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да АШТӨ-ге тікелей несие беру мүмкіндігінқарастыруды ұсынды. "Қазіргі уақытта қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялаудың негізгі тәсілдері әзірленді, олар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауына жіберілді. Бұл мәселе субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, одан әрі талқыланатын болады" – деп жауап берді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/14/43020599_0:0:1159:869_1920x0_80_0_0_5881dec78a69da6bf12dda9b9b41cbc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, субсидиялар, жанармай
ауыл шаруашылығы, субсидиялар, жанармай
Пияз өнімі, жанармай, субсидия: министр Жамбыл облысының фермерлерімен кездесті
"Кең-дала" бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға биыл 140 млрд теңге бағытталған
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Пияздан мол өнім алған Жамбыл облысының диқандары экспортқа тыйым салынғандықтан оны сата алмай отыр. Фермерлер өңірге жұмыс сапарымен барған ауыл шаруашылығы министріне пияз мәселесі туралы сұрақтар қойды.
Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп қалыптасқан жағдайды шешу үшін, оның ішінде тұрақты қорларға пияз сатып алу және тауарды сыртқы нарықтарға сату бойынша барлық қажеттішаралар қабылданып жатқанын жеткізді.
Ол сондай-ақ "Кең-дала" бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға биыл 140 млрд теңге бағытталғанын атап өтті. Өтінімдерді қабылдау 19 қаңтарда басталды.
"Көктемгі дала жұмыстары үшін энергетика министрлігімен бірге шаруаларғалитріне 250 теңге бағамен 340,2 мың тонна көлемінде жеңілдікті дизель отынын бөлу бойыншажұмыс жүргізілді", - деп мәлімдеді Айдарбек Сапаров.
Өз кезегінде шаруалар министрден егісжұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге қосымшақаражат бөлу жайында сұрады. Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін пысықтаужүргізіліп жатқанын түсіндірді. Сондай-ақ, облысфермерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатыпалу кезінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да АШТӨ-ге тікелей несие беру мүмкіндігінқарастыруды ұсынды.
"Қазіргі уақытта қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялаудың негізгі тәсілдері әзірленді, олар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауына жіберілді. Бұл мәселе субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, одан әрі талқыланатын болады" – деп жауап берді министр.