https://sputnik.kz/20240320/elimizde-620-mynga-zhuyq-adam-ulttyq-sportpen-shugyldanady-43044814.html
Елімізде 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады
Елімізде 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда Ұлттық спорт бойынша 1 488 жаттықтырушы жұмыс істейді 20.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-20T22:46+0500
2024-03-20T22:46+0500
2024-03-20T22:46+0500
ұлттық спорт түрлері
https://sputnik.kz/img/07e8/03/14/43041580_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_98d832b26ff9f840e1b538963b6131df.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Статистикалық дерекке сәйкес, 2022 жылы ел бойынша ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адам болса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен. Сәйкесінше, секцияларда дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 8,7% құрады.Елімізде жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек сияқты ресми түрде Ұлттық спорт түрлерінің тізіміне енген спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі (халықаралық деңгейден ауылдық деңгейге дейін) мыңнан астам жарыс өткізіліп келеді.Бүгінде республикада 12 спорт клубы және Ұлттық спорт түрлері бойынша 13 спорт мектебі бар. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі ұлттық құрама командаларының спортшыларын даярлайтын Ұлттық және Ат спорты орталығы және ұлттық спорт түрлері бойынша 10 федерацияның басын қосатын қауымдастық жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақ күресі және Жекпе-жек федерациясы бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/14/43041580_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ead30fa0683a32f151576afdf99d7043.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық спорт түрлері
Елімізде 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады
Қазіргі таңда Ұлттық спорт бойынша 1 488 жаттықтырушы жұмыс істейді
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Статистикалық дерекке сәйкес, 2022 жылы ел бойынша ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адам болса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен. Сәйкесінше, секцияларда дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 8,7% құрады.
"Қазіргі таңда Ұлттық спорт бойынша 1 488 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 928 бапкер ауылдық жерлерде еңбек етеді", - делінген хабарламада.
Елімізде жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек сияқты ресми түрде Ұлттық спорт түрлерінің тізіміне енген спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі (халықаралық деңгейден ауылдық деңгейге дейін) мыңнан астам жарыс өткізіліп келеді.
Бүгінде республикада 12 спорт клубы және Ұлттық спорт түрлері бойынша 13 спорт мектебі бар. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі ұлттық құрама командаларының спортшыларын даярлайтын Ұлттық және Ат спорты орталығы және ұлттық спорт түрлері бойынша 10 федерацияның басын қосатын қауымдастық жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақ күресі және Жекпе-жек федерациясы бар.