https://sputnik.kz/20240320/deputattar-eltanbaga-qatysty-oz-usynystaryn-zhariyalady-43045073.html
Депутаттар Елтаңбаға қатысты өз ұсыныстарын жариялады
Депутаттар Елтаңбаға қатысты өз ұсыныстарын жариялады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін мемлекеттік рәміздің түсі, реңкі, формасы мен жазуы өзгерген 20.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-20T16:18+0500
2024-03-20T16:18+0500
2024-03-20T16:19+0500
мемлекеттік рәміздер
депутаттар
https://sputnik.kz/img/1005/60/10056001_0:147:2500:1553_1920x0_80_0_0_d5cb52b84ff68dbccd8c2df0e563acc7.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Елтаңбада Қазақстанның Алтын орда мұрагері екенін көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында бірнеше депутат үкімет басшысына сауал жолдап, мемлекеттік рәміздерді жаңғырту бойынша пікірталас алаңын құруды ұсынды.Депутат Абзал Құспанның айтуынша, қолданыстағы гербіміз де жақсы жасалған. Бірақ Қазақ мемлекетінің 1991 жылы ғана пайда болмағанын, оның мемлекеттілік тарихының тереңде жатқанын да ескерген жөн.Ал депутат Еркін Әбіл Елтаңбаға енгізілген өзгерістерді еске алды. Бұған дейін мемлекеттік рәміздің түсі, реңкі, формасы мен жазуы өзгерген. Жалпы, елтаңбаның бес стандарты жасалған. Соңғы рет "Қазақстан" деген сөз латын қарпімен жазылды."Ашығын айту керек, мемлекеттік гербте тарихи сабақтастық, ал Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетілмеген. Қазіргі Елтаңба - бұрынғы Қазақ КСР-ның өзгертілген гербі, масақтың орнына тұлпардың қанаттарын қойған, ал орақ пен балғаны шаңырақпен алмастырды. "ҚазКСР" деген жазу да өзгерді. Қалғаны сол күйінде қалды", - деп атап өтті Әбіл.
https://sputnik.kz/20240315/zhana-eltanbanyn-zhobasyn-zhasauga-bayqau-zhariyalanady--prezident-42923418.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1005/60/10056001_152:0:2377:1669_1920x0_80_0_0_cd3b99a5291367cf737f35d848496cfc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік рәміздер, депутаттар
мемлекеттік рәміздер, депутаттар
Депутаттар Елтаңбаға қатысты өз ұсыныстарын жариялады
16:18 20.03.2024 (жаңартылды: 16:19 20.03.2024) Бұған дейін мемлекеттік рәміздің түсі, реңкі, формасы мен жазуы өзгерген
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Елтаңбада Қазақстанның Алтын орда мұрагері екенін көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында бірнеше депутат үкімет басшысына сауал жолдап, мемлекеттік рәміздерді жаңғырту бойынша пікірталас алаңын құруды ұсынды.
Депутат Абзал Құспанның айтуынша, қолданыстағы гербіміз де жақсы жасалған. Бірақ Қазақ мемлекетінің 1991 жылы ғана пайда болмағанын, оның мемлекеттілік тарихының тереңде жатқанын да ескерген жөн.
"Ол - арғыдағы Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты, Ұлық Ұлыс - Жошы ұлысының, бергідегі Қазақ хандығының тікелей мұрагері. Бұл - ерлік пен өрлікке толы тарих. Биыл Қазақ Даласында ту көтерген Жошы ұлысы - Алтын Орданың құрылғанына 800 жыл толуын атап өткелі отырмыз. Міне, Қазақ елінің осындай терең тарихи сабақтастығы, жауынгер ата-бабаларымыздың асқақ рухы, мемлекеттіліктің сұсы мен сесі, атағы мен айбыны Гербте көрініс тапса игі", - дейді Құспан.
Ал депутат Еркін Әбіл Елтаңбаға енгізілген өзгерістерді еске алды. Бұған дейін мемлекеттік рәміздің түсі, реңкі, формасы мен жазуы өзгерген. Жалпы, елтаңбаның бес стандарты жасалған. Соңғы рет "Қазақстан" деген сөз латын қарпімен жазылды.
"Ашығын айту керек, мемлекеттік гербте тарихи сабақтастық, ал Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетілмеген. Қазіргі Елтаңба - бұрынғы Қазақ КСР-ның өзгертілген гербі, масақтың орнына тұлпардың қанаттарын қойған, ал орақ пен балғаны шаңырақпен алмастырды. "ҚазКСР" деген жазу да өзгерді. Қалғаны сол күйінде қалды", - деп атап өтті Әбіл.