Бейнеу-Шымкент газ құбырында көптеген заңбұзушылық анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Бас көлік прокуратурасы "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС қызметінде көптеген заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС қызметінде сатып алу және бюджетті тиімсіз пайдалану саласында көптеген бұзушылық анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Тендерлер тек қағаз және газет басылымдарында жарияланып, тендерлік өтінімдер жазбаша түрде тіркелген.
Кәсіпорын қызметкерлері қызметтерді, тауарларды сатып алу және олардың техникалық сипаттамалары, жұмсалатын қаражат сомасы нақты жеткізушінің ыңғайына қарай жасаған. Салдарынан бизнестегі сауатты бәсекелестік қалыптастпаған. Бұл өзге әлеуетті жеткізушілердің құқына нұқсан келтірген.
Мысалы, 2019 жылы тапсырыс берушінің тиісті адами ресурсы болғанына қарамастан үшінші тараптың үлестес компаниясымен негізсіз шарт жасалған. 2020-2024 жылдарға арналған тарифтік смета және инвестициялық бағдарлама бойынша өтінімдерді қалыптастыру, ресімдеу, ұсыну және сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетуге жалпы сомасы 133 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.
"Жұмысты тендер жеңімпазына қатысы жоқ жалдамалы адамдар небары 1,5 млн теңгеге жүргізіп, заңсыз шарттан шамамен 131 млн теңге "маржыналдық" пайда көрген. Сотқа дейін тергеу жүріп, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді. Кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - дейді прокуратура мамандары.
Сондай-ақ тергеу кезінде "Qazaq Gaz" АҚ-на қылмыстық құқық бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Ал "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС-нің сатып алу процесі "Qazaqstan trading platform" порталы арқылы электронды форматқа ауыстырылды.
Жаңалықтар
0