Инфографика

Азия елдері Наурызды қалай тойлайды және қанша күн демалады

Жазылу
Биыл Қазақстан тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тәртібін белгілеп, Ұлыстың ұлы күнін он күн мерекелеуді бекітті. Бұл мейрамды басқа елдерде қалай тойлайтыны туралы толығырақ Sputnik инфографикасынан қараңыз
Қазақстандықтар биыл Наурыз мерекесін 14 наурызда тойлай бастағанына қарамастан, ресми демалыс күндері Наурызнамның жартысын құрайды – республика тұрғындары наурыздың 21-і мен 25-і аралығында демалады. 

Аймақтың әртүрлі елдерінде дәстүрлі шығыс жаңа жылын тойлаудың әр алуан тәсілдері бар. 

Мысалы, көрші Қырғызстанда биыл төрт күн, Өзбекстанда үш күн демалыс деп жарияланды. 

Тәжікстан тұрғындары Наурыз мерекесін 26 наурызға дейін тойлайды. 

Бұл жаңа жылды тойлау әртүрлі елдерде әртүрлі басталады - мысалы, Әзербайжан мен Иранда бүгін басталды. 

Толығырақ инфографикада.
Жаңалықтар
0