Астанаға америкалық ковбойлар келеді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКовбой фестивалі
Ковбой фестивалі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Олар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар жарысына қатысуға дайын екендігін жеткізді
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына америкалық ковбойлар қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Министр Ермек Маржықпаев әйгілі америкалық ковбой Кейси Филд пен көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хоуэллд бастаған АҚШ делегациясымен кездесті. Олар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар жарысына қатысуға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ родео спортын көрме қойылымдары бағдарламасына енгізуді ұсынды.
Айта кетері, АҚШ-тың көкпардан ұлттық құрамасы 2018 және 2022 жылдары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан болатын. Соңғы ойындарда Қазақстан құрамасы көкпардан алтын жүлде жеңіп алды.
Қошанов Татарстан басшысын Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Қошанов Татарстан басшысын Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырды
Жаңалықтар
0