Өңірлер

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты қоғамдық көлік бағыты өзгереді

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтомобили на дорогах Алматы
Автомобили на дорогах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Алаңның және бірқатар көшенің жабылуына байланысты қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысына өзгерістер енгізілді
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
"Алматыда Наурыз мейрамының ауқымды түрде тойлау жоспарланған. Негізгі іс-шаралар Астана алаңында 21 және 22 наурызда өтеді. Сонымен қатар, 21 наурызда қала көшелерінде "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуен жүріп өтеді", - делінген хабарламада.
Алаңның және бірқатар көшенің жабылуына байланысты қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысына өзгерістер енгізілді. Маршрут кестесімен мына жерден таныса аласыздар.
Жаңалықтар
0