Ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыздар жолға шықты
10:19 19.03.2024 (жаңартылды: 14:57 19.03.2024)
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Украшенными поездами, угощениями и домбристами порадовал Нацперевозчик пассажиров
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Жазылу
Компанияның жолсеріктері мен қызметкерлері пойыздардың ішінде және перрондарда барлық жолаушыларды Наурыз мейрамымен құттықтайды
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы".
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Украшенными поездами, угощениями и домбристами порадовал Нацперевозчик пассажиров
Украшенными поездами, угощениями и домбристами порадовал Нацперевозчик пассажиров
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Олар:
№3/4 "Астана-Алматы",
№85/86 "Астана-Шымкент
№7501/7502 "Астана-Павлодар" бағыттарындағы пойыздар.
"Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды", - деп атап өтті компания.
Жолаушылар мен шығарып салушылар үшін домбырашылар қазақ халқының мәдениетінің басты символы – домбыраның сүйемелдеуімен ән салды.
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Украшенными поездами, угощениями и домбристами порадовал Нацперевозчик пассажиров
Украшенными поездами, угощениями и домбристами порадовал Нацперевозчик пассажиров
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Сонымен қатар, әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары - наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.
"Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау – компанияның жыл сайынғы дәстүрі", - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.
Оның айтуынша, компания жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған.
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Украшенными поездами, угощениями и домбристами порадовал Нацперевозчик пассажиров
Украшенными поездами, угощениями и домбристами порадовал Нацперевозчик пассажиров
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Этникалық стильдегі пойыздар 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жүреді.
Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі.