https://sputnik.kz/20240319/toqaev-birqatar-memlekettin-elshisinen-senim-gramotasyn-qabyldady-43006612.html
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президентіне сенім грамотасын алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісі тапсырды 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T13:12+0500
2024-03-19T13:12+0500
2024-03-19T14:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/03/13/43006304_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_7b6d4cdea8e819ad546bd6de0fe9aeda.jpg
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. "Ақорда" резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды.Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.Тоқаев елшілерге табыс тілеп, оларға өз міндеттерін атқару барысында Қазақстан үкіметі тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ президент олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/13/43006304_85:0:1196:833_1920x0_80_0_0_390f3eb27305e7529482bedf2354aa61.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
13:12 19.03.2024 (жаңартылды: 14:48 19.03.2024) Қазақстан президентіне сенім грамотасын алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісі тапсырды
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. "Ақорда" резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.
"Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына сенімдімін. Біз әртүрлі бағытта, соның ішінде экономика, инвестиция салаларында және саяси диалог тұрғысында ықпалдастықты нығайту үшін қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Қазақстан сіздердің халықаралық аренадағы сенімді серіктестеріңіз болатынына сендіргім келеді", – деді президент.
Тоқаев елшілерге табыс тілеп, оларға өз міндеттерін атқару барысында Қазақстан үкіметі тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ президент олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.