https://sputnik.kz/20240319/qazaqstandyq-bitimgerler-golan-zhotalarynda-qyzmetke-kiristi-42999996.html
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызметке кірісті
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызметке кірісті
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық әскерилер базаның инфрақұрылымымен танысып, бірлескен оқу-жаттығуға қатысты 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T09:31+0500
2024-03-19T09:31+0500
2024-03-19T10:29+0500
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07e8/03/13/42996081_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_ebad82314378c0f6abebbc54fc3d0b01.jpg
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызметке кірісті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі."Қазақстандық бітімгерлер күнделікті қызметке кірісіп кетті", – делінген хабарламада.Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әскерилер БҰҰ миссиясындағы жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл алгоритмімен және базаның инфрақұрылымымен танысқан."Біздің бөлімше миссия қолбасшысының резерві болып табылады. Ол құраманы түрлі міндеттерді, оның ішінде дағдарыс сәттерін орындау үшін жұмылдыра алады", – деді қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға офицері подполковник Ілияс Мұстафин.Ирландиялық әскери қызметшілер жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл тәртібі, функцияларды бөлу бойынша сабақтар өткізді, Голан жоталарындағы жауапкершілік аймақтары мен мұнда атқарылатын қызмет ерекшеліктерімен таныстырды.Күнделікті қызмет шеңберінде әскери қызметшілер әскери техникаға қызмет көрсетумен және бронды дөңгелекті машиналарға жауынгерлік модульдерді орнатумен, тұрмысты жайластырумен, міндеттерді орындауға дайындықпен айналысады.Ауыз сумен, азық-түлікпен, жанар-жағармаймен және т.б. қамтамасыз ету үдерісімен танысу жүріп жатыр. Мұның бәрі миссияның түрлі компоненттері деуге болады, – деді қорғаныс министрлігі бітімгерлік операциялар орталығы бастығының орынбасары подполковник Рустам Жанжүменов.Бұдан басқа, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесі машиналарға жөндеу жүргізетін тұрақ-гараж жабдықтарын, қолда бар қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған арнайы контейнерлерді орнатумен айналысады.Айта кеткен жөн, "БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері" миссиясының құрамында әлемнің 12 елінен 1500 әскери қызмет атқарады.
https://sputnik.kz/20240316/qazaqstandyq-bitimgerler-golan-zhotasyna-aman-esen-zhetti-42934985.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/13/42996081_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_f3cc533030b291224d4d228797375f23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызметке кірісті
09:31 19.03.2024 (жаңартылды: 10:29 19.03.2024) Қазақстандық әскерилер базаның инфрақұрылымымен танысып, бірлескен оқу-жаттығуға қатысты
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызметке кірісті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
"Қазақстандық бітімгерлер күнделікті қызметке кірісіп кетті", – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әскерилер БҰҰ миссиясындағы жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл алгоритмімен және базаның инфрақұрылымымен танысқан.
"Біздің бөлімше миссия қолбасшысының резерві болып табылады. Ол құраманы түрлі міндеттерді, оның ішінде дағдарыс сәттерін орындау үшін жұмылдыра алады", – деді қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға офицері подполковник Ілияс Мұстафин.
Ирландиялық әскери қызметшілер жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл тәртібі, функцияларды бөлу бойынша сабақтар өткізді, Голан жоталарындағы жауапкершілік аймақтары мен мұнда атқарылатын қызмет ерекшеліктерімен таныстырды.
Күнделікті қызмет шеңберінде әскери қызметшілер әскери техникаға қызмет көрсетумен және бронды дөңгелекті машиналарға жауынгерлік модульдерді орнатумен, тұрмысты жайластырумен, міндеттерді орындауға дайындықпен айналысады.
Ауыз сумен, азық-түлікпен, жанар-жағармаймен және т.б. қамтамасыз ету үдерісімен танысу жүріп жатыр. Мұның бәрі миссияның түрлі компоненттері деуге болады, – деді қорғаныс министрлігі бітімгерлік операциялар орталығы бастығының орынбасары подполковник Рустам Жанжүменов.
Бұдан басқа, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесі машиналарға жөндеу жүргізетін тұрақ-гараж жабдықтарын, қолда бар қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған арнайы контейнерлерді орнатумен айналысады.
Айта кеткен жөн, "БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері" миссиясының құрамында әлемнің 12 елінен 1500 әскери қызмет атқарады.