https://sputnik.kz/20240319/qazaqstan-men-armeniya-syrtqy-ister-ministrleri-pikir-almasty-43000347.html
Қазақстан мен Арменияның сыртқы істер министрлері пікір алмасты
Қазақстан мен Арменияның сыртқы істер министрлері пікір алмасты
Sputnik Қазақстан
Екі елдің дипломатиялық ведомстволарының басшылары Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа биыл 25 жыл толатынын еске салды 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T09:56+0500
2024-03-19T09:56+0500
2024-03-19T10:21+0500
қазақстан
армения
сім
сім басшылары
https://sputnik.kz/img/07e8/03/13/42994151_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_9dbec761cf0269d0e3e3907aaf6d4500.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы өткен жылы 53 миллион долларға дейін өскеніне қарамастан, оның деңгейі екі мемлекеттің өзара іс-қимылының әлеуетіне сәйкес келмейді, деп мойындады сыртқы істер министрлері.Ереванда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу армян әріптесі Арарат Мирзоянмен кездесті, деп хабарлады республиканың сыртқы істер министрлігі.Нұртілеудің айтуынша, Армения Қазақстан үшін жақын мемлекет және уақыт сынынан өткен серіктесі.Әңгімелесу барысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды."2023 жылдың соңында өзара сауданың оң нәтижелері байқалды, оның көлемі 23,1%-ға өсіп, 53 миллион долларға жетті", - делінген хабарламада.Нұртілеу мен Мирзоянның айтуынша, тауар айналымының қазіргі деңгейі "қалыптасқан әлеуетке сәйкес келмейді", сондықтан олар жаңа мүмкіндіктерді анықтау үшін бірлескен шешімдер қабылдауға келісті."Бізде 25 жылдық серіктестіктің қорытындысын шығаруға және қарым-қатынастарымыздың жаңа кезеңін бастауға жақсы мүмкіндік бар", - деді Арарат Мирзоян.Тараптар өзара іс-қимыл негізін кеңейтіп жатқандарын мәлімдеді."Саяси диалогтың жоғары деңгейі біздің қарқынды дамып келе жатқан сауда-экономикалық қарым-қатынастарымызға қажетті алғышарттарды көрсетеді. Біз көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға мүдделіміз", - деді министр.Ведомство басшыдары сонымен қатар жоғары технологиялар, цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу, құрылыс секторындағы ынтымақтастық салаларындағы кооперацияны дамыту келешегін талқылады.Екі дипломат та шағын және орта бизнестің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға қатысуын жоғары бағалап, Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 435 компания, Арменияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін мәлімдеді.Келіссөз нәтижесінде Қазақстан мен Армения сыртқы істер министрліктері арасында 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
қазақстан
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/13/42994151_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_5f457323a3fc9acfd1d147fadbc8e37f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, армения, сім, сім басшылары
қазақстан, армения, сім, сім басшылары
Қазақстан мен Арменияның сыртқы істер министрлері пікір алмасты
09:56 19.03.2024 (жаңартылды: 10:21 19.03.2024) Екі елдің дипломатиялық ведомстволарының басшылары Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа биыл 25 жыл толатынын еске салды
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы өткен жылы 53 миллион долларға дейін өскеніне қарамастан, оның деңгейі екі мемлекеттің өзара іс-қимылының әлеуетіне сәйкес келмейді, деп мойындады сыртқы істер министрлері.
Ереванда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу армян әріптесі Арарат Мирзоянмен кездесті, деп хабарлады республиканың сыртқы істер министрлігі.
Нұртілеудің айтуынша, Армения Қазақстан үшін жақын мемлекет және уақыт сынынан өткен серіктесі.
"Қазақстан-Армения қарым-қатынастарын кеңейту мен тереңдетудің берік негізі Достық пен ынтымақтастық туралы шартпен қаланған және биыл біз құжаттың 25 жылдығын тойлаймыз. Бізде ортақ мәселе көп және біз ортақ мақсаттарға жету үшін күш салуға дайынбыз", - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің басшысы.
Әңгімелесу барысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды.
"2023 жылдың соңында өзара сауданың оң нәтижелері байқалды, оның көлемі 23,1%-ға өсіп, 53 миллион долларға жетті", - делінген хабарламада.
Нұртілеу мен Мирзоянның айтуынша, тауар айналымының қазіргі деңгейі "қалыптасқан әлеуетке сәйкес келмейді", сондықтан олар жаңа мүмкіндіктерді анықтау үшін бірлескен шешімдер қабылдауға келісті.
"Бізде 25 жылдық серіктестіктің қорытындысын шығаруға және қарым-қатынастарымыздың жаңа кезеңін бастауға жақсы мүмкіндік бар", - деді Арарат Мирзоян.
Тараптар өзара іс-қимыл негізін кеңейтіп жатқандарын мәлімдеді.
"Саяси диалогтың жоғары деңгейі біздің қарқынды дамып келе жатқан сауда-экономикалық қарым-қатынастарымызға қажетті алғышарттарды көрсетеді. Біз көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға мүдделіміз", - деді министр.
Ведомство басшыдары сонымен қатар жоғары технологиялар, цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу, құрылыс секторындағы ынтымақтастық салаларындағы кооперацияны дамыту келешегін талқылады.
Екі дипломат та шағын және орта бизнестің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға қатысуын жоғары бағалап, Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 435 компания, Арменияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Келіссөз нәтижесінде Қазақстан мен Армения сыртқы істер министрліктері арасында 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.