https://sputnik.kz/20240319/memlekettik-qyzmetkerlerdi-qysqartu-zhumystarynyn-toqtatylu-sebebi-belgili-boldy-43013772.html
Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жұмыстарының тоқтатылу себебі белгілі болды
Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жұмыстарының тоқтатылу себебі белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекеттік қызметкерлердің саны, жалпы мемлекеттік аппарат оңтайлы болып тұрғанын айтқан 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T16:40+0500
2024-03-19T16:40+0500
2024-03-19T18:50+0500
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту жұмыстары не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, 2021 жылы мемлекеттік қызметкерлердің саны 15 процентке қысқартылды. 2022 жылы тағы 10 процентке қысқарту жоспарланған.Ал қаржы министрі Мәди Такиевтің сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлердің саны 2014 жылдан бері өзгерген жоқ. Содан бері кейбір министрліктер таратылып, қайта құрылса да, қызметкерлердің саны сол қалпы қалды."Жаңылмасам, 89 мың мемлекеттік қызметкер болды. Олардың саны өзгермеді", - деп атап өтті Такиев.Айта кетері, 2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартуды тапсырған болатын. Себебі пандемия кезінде мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеді. Сол кезде басшылық олардың санын қысқартуға болатынын түсінді. Осылайша, 2021 жылы мемлекеттік аппаратты 25 процентке қысқарту жоспарланды. Ал үнемделген ақшаның есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көтеруге шешім қабылданған еді.
https://sputnik.kz/20240319/ulttyq-qor--balalarga-qarzhy-ministri-tolemder-qay-kezde-osetinin-aytty-43011305.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қызметші
Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жұмыстарының тоқтатылу себебі белгілі болды
16:40 19.03.2024 (жаңартылды: 18:50 19.03.2024) Президент мемлекеттік қызметкерлердің саны, жалпы мемлекеттік аппарат оңтайлы болып тұрғанын айтқан
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту жұмыстары не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, 2021 жылы мемлекеттік қызметкерлердің саны 15 процентке қысқартылды. 2022 жылы тағы 10 процентке қысқарту жоспарланған.
"Алайда сол жылы мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің саны, жалпы мемлекеттік аппарат оңтайлы болып тұрғанын айтты. Осыған байланысты штатты тағы 10 процентке қысқартуды тоқтатуға шешім қабылданды", - деді Омарбеков үкіметте өткен брифингте.
Ал қаржы министрі Мәди Такиевтің сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлердің саны 2014 жылдан бері өзгерген жоқ. Содан бері кейбір министрліктер таратылып, қайта құрылса да, қызметкерлердің саны сол қалпы қалды.
"Жаңылмасам, 89 мың мемлекеттік қызметкер болды. Олардың саны өзгермеді", - деп атап өтті Такиев.
Айта кетері, 2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартуды тапсырған болатын. Себебі пандемия кезінде мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеді. Сол кезде басшылық олардың санын қысқартуға болатынын түсінді. Осылайша, 2021 жылы мемлекеттік аппаратты 25 процентке қысқарту жоспарланды. Ал үнемделген ақшаның есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көтеруге шешім қабылданған еді.