https://sputnik.kz/20240319/elordalyq-qutqarushylarga-pater-kilti-tabystaldy-42995794.html
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Sputnik Қазақстан
Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T08:31+0500
2024-03-19T08:31+0500
2024-03-19T14:58+0500
елорда тынысы
астана
құтқарушылар
пәтер кілті
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ff9a638d595b97dcc13bdba30980bd6d.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтердің кілтін табыс етті.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілері мен құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылуда.Бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлердегі жаңа қоныстанушылар қатарында қатардағы қызметкерлер: елордалық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері, құтқарушылары мен бөлімше командирлері бар.Сегіз бір бөлмелі және жеті екі бөлмелі пәтер Қабанбай батыр даңғылы бойындағы "TENGRI" және Е-36 көшесіндегі "Respublika" тұрғын үй кешендерінде орналасқан.Сондай-ақ, департамент қызметкерлері үшін тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_eecbf21d5fd34b2df896c8a542cd22d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құтқарушылар, пәтер кілті
астана, құтқарушылар, пәтер кілті
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
08:31 19.03.2024 (жаңартылды: 14:58 19.03.2024) Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтердің кілтін табыс етті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілері мен құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылуда.
Бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлердегі жаңа қоныстанушылар қатарында қатардағы қызметкерлер: елордалық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері, құтқарушылары мен бөлімше командирлері бар.
Сегіз бір бөлмелі және жеті екі бөлмелі пәтер Қабанбай батыр даңғылы бойындағы "TENGRI" және Е-36 көшесіндегі "Respublika" тұрғын үй кешендерінде орналасқан.
"Өз тарапымыздан біз еңбек етуге қолайлы жағдай жасау және жақсарту бойынша барлық қажетті керек шараларды қабылдауды жалғастырамыз. Мысалы, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біз тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санатын кеңейттік, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, онда ТЖД қызметкерлерінің санатын бөлек бөлдік", - деді Қасымбек.
Сондай-ақ, департамент қызметкерлері үшін тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді.