https://sputnik.kz/20240319/benzin-eksportyna-salyngan-tyyym-tagy-zharty-zhylga-uzartyldy-43012523.html
Бензин экспортына салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды
Бензин экспортына салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Жанар-жағармай ішкі нарыққа, оның ішінде егіс науқанының басталуына байланысты қажет 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T21:27+0500
2024-03-19T21:27+0500
2024-03-19T21:27+0500
бензин
жанармай
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40631631_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_45ddc5fdcf7f5e3f8aed86b69a59389f.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігінің "Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығында Қазақстаннан бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым алты айға ұзартылды.Тыйым 29 наурыздан бастап 6 ай мерзімге енгізіледі және ол ЕАЭО елдеріне автомобиль көлігімен әкетуге де қатысты, делінген құжатта.Ол бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО HS 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) қамтиды.Тізімге енбеген мұнай өнімдері:майлайтын майлар,автокөлік өндіруші зауыт бекіткен бензин бактарындағы жанар-жағармай,Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері;ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған авиациялық отын.Алдыңғы құжатта тыйым салу мерзімі осы жылдың ақпан айына дейін ұзартылған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40631631_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_e35f3d93130fd39faa829cb03d0c1674.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин, жанармай
Бензин экспортына салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды
Жанар-жағармай ішкі нарыққа, оның ішінде егіс науқанының басталуына байланысты қажет
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігінің "Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығында Қазақстаннан бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым алты айға ұзартылды.
Тыйым 29 наурыздан бастап 6 ай мерзімге енгізіледі және ол ЕАЭО елдеріне автомобиль көлігімен әкетуге де қатысты, делінген құжатта.
Ол бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО HS 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) қамтиды.
Тізімге енбеген мұнай өнімдері:
автокөлік өндіруші зауыт бекіткен бензин бактарындағы жанар-жағармай,
Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған авиациялық отын.
Алдыңғы құжатта тыйым салу мерзімі осы жылдың ақпан айына дейін ұзартылған болатын.