Астанада қаржылық сауаттылыққа тегін оқуға болады

© Photo : СС0 / edarБухгалтер
Бухгалтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Жазылу
Курс кірістер мен шығыстарды жоспарлау, кредиттерді өтеу бойынша білім алуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Астанада биыл "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 9 300 азаматты қаржылық сауаттылыққа оқыту жоспарланған. Оқу тегін негізде бес күнге созылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Курс кірістер мен шығыстарды жоспарлау, кредиттерді өтеу және тәуекелдерді басқару, жинақ ақшаларын қаржы құралдарына сауатты салу бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Интернет алаяқтықтан қорғану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінен өту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді.
Барлық ниет білдірушілер өз ісін ашу және жұмыспен қамту үшін бизнес-жоспар жазу бойынша дағдыларға үйренеді. Жоба шеңберінде қатысушылар білікті заңгерлердің көмегін ала алады.
"Оқыту курсын өткен қатысушылар: кірістер мен шығыстардың есебін дұрыс жүргізуді, қаржы нарығы жұмысының қағидаттарын, қаржы институттарының функцияларын, олар ұсынатын қаржылық қызметтер мен өнімдер, тәуекелдер мен кірісті, пайыздық мөлшерлемелерін дұрыс пайдалануды, кредит бойынша өтеу кестесін кірістердің түсу кезеңін ескере отырып қалай жоспарлауға болатынын, ипотекалық шарттың ерекшеліктерін ескеруді үйренеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар неліктен кредиттік тарихтың жақсы болуы маңызды екенін, қандай жағдайларда кредиттерді қайта қаржыландыру қажеттілігі туындайтынын, қор нарығы қандай инвестициялық құралдарды ұсынатынын, сақтандырудың маңыздылығын, пайдасы мен қолжетімділігін, Қазақстанда кепілдік беру жүйесі қалай құрылғанын, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін және банкроттық тетігі туралы біледі.
Оқыту бағдарламасы қарыздан құтылғысы келетін тұрғындарға, студенттер мен жас отбасыларға және кәсіпкер болуға ұмтылғандарға ұсынылады.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар жеке қаржы мен отбасылық бюджетті жоспарлай алатын болады. Кәсіпкерлер қаржылық сауаттылық пен қаржылық модельдеу құралдарын пайдалана алады.
Жаңалықтар
0