"Жайлы мектеп" жобасы: Антикор 2,3 трлн теңгенің игерілу барысын бақылайды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2024
Жазылу
Келесі жылға дейін Қазақстанда 800 мың оқушыға арналған мектептер салынуға тиіс
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2,3 трлн теңгенің игерілу барысын мониторингке алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Жайлы мектеп" жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып саналады.
"Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай 800 мың оқушыға орын дайындау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз жолдауында "әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайлар болуға тиіс. "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған" деп атап өтті.
"Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті уәкілетті органдар үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысы барысын мониторингтеу болады", - деп толықтырды Антикор.
Жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ мектептерді уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен "Samruk-Kazyna Construction" АҚ ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі.
Жаңалықтар
0