Тоқаев Путинді жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин принял участие в заседании Высшего Евразийского экономического совета
Президент РФ В. Путин принял участие в заседании Высшего Евразийского экономического совета - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.
Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.
Жаңалықтар
0