Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Столтенберг НАТО Ресей флотына залал келтіріп жатқанын мойындады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЙенс Столтенберг
Йенс Столтенберг - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Тбилисиге сапары барысында альянс Ресейдің Қара теңіздегі флотына залал келтіріп жатқанын мойындады, деп хабарлады РИА Новости.
Столтенберг дүйсенбі күні Бакуден Тбилисиге сапармен келді. Ол Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесіп, содан кейін тараптар БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.
"Қара теңіздің қауіпсіздігі Грузия үшін де, НАТО үшін де өзекті мәселе. Ресейдің кеме қатынасы еркіндігі шектеулі, ал біздің қолдауымызбен Ресейдің Қара теңіздегі үлкен флотына залал келіп жатыр", - деді альянстың бас хатшысы брифингте.
Өткен аптада Столтенберг Брюссельде Украина НАТО-дан жеткізілген зымырандарды Ресейдің Қара теңіздегі флотына қарсы қолданғанын айтты.
2023 жылдың қыркүйегінде Ресей қорғаныс министрлігі Киевтің Севастопольге зымыранмен шабуыл жасағанын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бес зымыранды атып түсіргенін және Қара теңіз флотының тарихи штаб-пәтерінің ғимаратына зақым келгенін хабарлады.
Кейінірек Sky News телеарнасы Украина қарулы күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасап, Украина шабуыл үшін британдық Storm Shadow зымырандарын пайдаланды деп хабарлады.
Жаңалықтар
0