https://sputnik.kz/20240318/qazaqstan-men-armeniya-arasyndagy-ekizhaqty-tauar-aynalymy-53-mln-dollardan-asty-42991969.html
Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты тауар айналымы 53 млн доллардан асты
Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты тауар айналымы 53 млн доллардан асты
Sputnik Қазақстан
Республикалар арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнатылды 18.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-18T22:00+0500
2024-03-18T22:00+0500
2024-03-18T22:00+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/03/12/42978288_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_390f7afa9ab535ac73d1f991669fe848.jpg
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты тауар айналымы 53,04 млн долларды құрады. Оның ішінде қазақстандық экспорт 33,5 млн доллар, импорт 19,6 млн доллар.Өткен жылы Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Арменияның үлесі 0,2% құрады.Бір жыл бұрын Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 41,6 миллион доллар болды, қазақстандық экспорт 26,9 миллион долларды құраса, импорт 14,7 миллион долларға өсті.Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанға 11 миллион доллардан астам тікелей армян инвестициясы тартылды.Қазақстан мен Армения арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тұрақты отырыстары екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды нығайту мен кеңейтуде маңызды рөл атқарады.2021 жылдың мамырында Астанада 8-ші отырыс, ал екі жылдан кейін Ереванда Қазақстан мен Армения арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтті.Арменияның Экономика министрлігінің хабарлауынша, биыл көктемде Ереванда Қазақстан-Армян бизнес-форумы өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/12/42978288_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_bc756bc779c2e46d8a0d49d60f37508d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты тауар айналымы 53 млн доллардан асты
Республикалар арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнатылды
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты тауар айналымы 53,04 млн долларды құрады. Оның ішінде қазақстандық экспорт 33,5 млн доллар, импорт 19,6 млн доллар.
Өткен жылы Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Арменияның үлесі 0,2% құрады.
Бір жыл бұрын Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 41,6 миллион доллар болды, қазақстандық экспорт 26,9 миллион долларды құраса, импорт 14,7 миллион долларға өсті.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанға 11 миллион доллардан астам тікелей армян инвестициясы тартылды.
Қазақстан мен Армения арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тұрақты отырыстары екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды нығайту мен кеңейтуде маңызды рөл атқарады.
2021 жылдың мамырында Астанада 8-ші отырыс, ал екі жылдан кейін Ереванда Қазақстан мен Армения арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтті.
Арменияның Экономика министрлігінің хабарлауынша, биыл көктемде Ереванда Қазақстан-Армян бизнес-форумы өтеді.