https://sputnik.kz/20240318/qaragandy-qalasynda-1-mlrd-tengenin-tenderi-toqtatyldy-42976045.html
Қарағанды қаласында 1 млрд теңгенің тендері тоқтатылды
Қарағанды қаласында 1 млрд теңгенің тендері тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Прокуратура Қарағанды қаласындағы ауданда 1 млрд теңгенің тендері тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық... 18.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-18T12:05+0500
2024-03-18T12:05+0500
2024-03-18T12:05+0500
қарағанды
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15849441_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_87ec47931e7d4bff6898ccbe8bcd67e0.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Прокуратура Қарағанды қаласындағы ауданда 1 млрд теңгенің тендері тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі мерекелік безендіру бойынша 985 156 250 теңгенің конкурсын жариялады. Ал келісімшартты үш жылға жасауды жоспарлаған. Ондай мерзімге шарт жасасу үшін бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сай болу керек. Бірақ ереженің толық тізбесі орындалған жоқ.Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі жариялаған конкурстың күші жойылды. Оның мерзімін 1 жылға қысқартты. Енді, басқа кәсіпкерлер де мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15849441_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_972f26d5e4569b1c9871e45e34410af8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, прокуратура
Қарағанды қаласында 1 млрд теңгенің тендері тоқтатылды
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Прокуратура Қарағанды қаласындағы ауданда 1 млрд теңгенің тендері тоқтатты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі мерекелік безендіру бойынша 985 156 250 теңгенің конкурсын жариялады. Ал келісімшартты үш жылға жасауды жоспарлаған. Ондай мерзімге шарт жасасу үшін бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сай болу керек. Бірақ ереженің толық тізбесі орындалған жоқ.
"Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген", - дейді прокурорлар.
Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі жариялаған конкурстың күші жойылды. Оның мерзімін 1 жылға қысқартты. Енді, басқа кәсіпкерлер де мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.