Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда экс-полиция қызметкерлері сотталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2024
Жазылу
Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде жеті адамды азаптады деген айыппен бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасы.
18 наурызда Талдықорған қаласының соты "қаңтар оқиғасы" кезінде кінәлілерді азаптаған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды.
"2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістері жасалған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты келтірілген", - дейді ведомство.
Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейін сотталды. Ал біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.
Сондай-ақ олар арнайы атағы мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жаңалықтар
0