https://sputnik.kz/20240318/putinnin-zhenisinen-eki-el-arasyndagy-qarym-qatynas-dami-tusedi---sayasattanushy-42978124.html
Путиннің жеңісінен екі ел арасындағы қарым-қатынас дами түседі - саясаттанушы
Путиннің жеңісінен екі ел арасындағы қарым-қатынас дами түседі - саясаттанушы
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев 17 наурызда аяқталған Ресей президентінің сайлауын өте қызу және жоғары белсенділікпен өтті деп мәлімдеді 18.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-18T13:38+0500
2024-03-18T13:38+0500
2024-03-18T13:38+0500
ресей президентінің сайлауы - 2024
владимир путин
сайлау
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40052893_0:31:750:453_1920x0_80_0_0_d75c9eddbabceafbb4b0c90f06ee9a92.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Бір күн бұрын өткен Ресей Федерациясының президенттік сайлауындағы Владимир Путиннің жеңісі Қазақстанға екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы болжамдылық және бұрын белгіленген стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруды жалғастыруды білдіреді.Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев 17 наурызда аяқталған Ресей президентінің сайлауын өте қызу және жоғары белсенділікпен өтті деп мәлімдеді.Оның айтуынша, бүгінде Ресей Федерациясының қиын жағдайға тап болуына байланысты сайлауға аударылған назар жоғары болды. Бұл оқиғалардың әрбір отбасыға әсері бар, деп есептейді Қалиев.Оның пікірінше, Владимир Путиннің Ресейдегі президент сайлауындағы кезекті жеңісі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы көпжақты және екіжақты форматта табысты дами беретінін көрсетеді."Владимир Путиннің жеңісі - болжамдылық және біз қазір жүзеге асырып жатқан стратегиялық бағыттардың жалғасы. Бұл біздің көшбасшыларымыз арасындағы достықтың жалғасы, барлық жүзеге асырылып жатқан жобаларда, соның ішінде көпжақты және екіжақты форматтарда қалыптасқан сенімнің жалғасы", - деді саясаттанушы.Саясаттанушы Путин мен Тоқаевтың кездесулері өте қарқынды екенін, олар жыл сайын бірнеше рет кездесетінін еске салды."Бұл біздің өзара іс-қимылымыз аясында туындайтын барлық техникалық мәселелер әрқашан тез арада шешілетінін білдіреді", - деді Талғат Қалиев.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40052893_44:0:707:497_1920x0_80_0_0_96974c2165a0831c64b7beead08a233e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, сайлау, ресей
владимир путин, сайлау, ресей
Путиннің жеңісінен екі ел арасындағы қарым-қатынас дами түседі - саясаттанушы
Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев 17 наурызда аяқталған Ресей президентінің сайлауын өте қызу және жоғары белсенділікпен өтті деп мәлімдеді
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Бір күн бұрын өткен Ресей Федерациясының президенттік сайлауындағы Владимир Путиннің жеңісі Қазақстанға екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы болжамдылық және бұрын белгіленген стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруды жалғастыруды білдіреді.
Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев 17 наурызда аяқталған Ресей президентінің сайлауын өте қызу және жоғары белсенділікпен өтті деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде Ресей Федерациясының қиын жағдайға тап болуына байланысты сайлауға аударылған назар жоғары болды. Бұл оқиғалардың әрбір отбасыға әсері бар, деп есептейді Қалиев.
"Әлемде және Ресейдің өзінде болып жатқан дүрбелең ешкімді бей-жай қалдыра алмайды және саяси процеске халықтың назарын аударып отыр. Менің ойымша, сайлаушылардың науқанға белсенді қатысуына осы себеп болды", - деді Қалиев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның пікірінше, Владимир Путиннің Ресейдегі президент сайлауындағы кезекті жеңісі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы көпжақты және екіжақты форматта табысты дами беретінін көрсетеді.
"Владимир Путиннің жеңісі - болжамдылық және біз қазір жүзеге асырып жатқан стратегиялық бағыттардың жалғасы. Бұл біздің көшбасшыларымыз арасындағы достықтың жалғасы, барлық жүзеге асырылып жатқан жобаларда, соның ішінде көпжақты және екіжақты форматтарда қалыптасқан сенімнің жалғасы", - деді саясаттанушы.
Саясаттанушы Путин мен Тоқаевтың кездесулері өте қарқынды екенін, олар жыл сайын бірнеше рет кездесетінін еске салды.
"Бұл біздің өзара іс-қимылымыз аясында туындайтын барлық техникалық мәселелер әрқашан тез арада шешілетінін білдіреді", - деді Талғат Қалиев.