https://sputnik.kz/20240318/otirik-aytpanyz-deputat-bazarbek-zhana-ministrlikti-zansyz-areketke-bardy-dep-ayyptady-42989847.html
"Өтірік айтпаңыз": Депутат Базарбек жаңа министрлікті заңсыз әрекетке барды деп айыптады
"Өтірік айтпаңыз": Депутат Базарбек жаңа министрлікті заңсыз әрекетке барды деп айыптады
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, министрлік кодекс жобасын порталға енгізген. Бірақ қоғамдық талқылау өткізбеген 18.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-18T18:16+0500
2024-03-18T18:16+0500
2024-03-18T18:18+0500
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0b/38361855_0:37:700:431_1920x0_80_0_0_b61cb686b099d2ec26a8041c93d1b142.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Депутат Бақытжан Базарбек жаңадан құрылған министрлік Су кодексін мәжілістің қарауына заңсыз енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Төменгі палатаға кодексті су ресурстары және ирригация вице-министрі Болат Бекнияз алып келді. Құжатты таныстыру кезінде депутат Бақытжан Базарбек министрліктің заңсыз әрекетке барғанын ашық айтты. Себебі кодексті парламентте таныстырудың алдында қоғамдық талқылаудан өткізу керек. Мәжілісмен бірнеше ресми хатты көрсетті. Оған сәйкес, қоғамдық талқылау болмаған. "Құжат келісілді" деген жазба ғана бар.Отырысқа қатысқан экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қоғамдық талқылау ақпан-наурыз айларында ұйымдастырылғанын айтты. Бірақ депутаттың "Қай жерде өтті?" деген сұрағына жауап бере алмады. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Болат Бекниязға сілтеді. Ол қоғамдық талқылаудың онлайн режимде порталда ашық талқылау форматында өткенін мәлімдеді."Сол кезде 20-ға жуық ескерту түсті. Біз бәріне жауап бердік", - деп атап өтті Бекнияз.Депутат Базарбаев вице-министрдің жауабына қанағаттанған жоқ. Оның айтуынша, министрлік кодекс жобасын порталға енгізген. Бірақ қоғамдық талқылау өткізбеген. Оған халық оффлайн режимде қатысуы қажет.Бүгін су ресурстары вице-министрі Болат Бекнияз басқа депутаттардан да сөз естіді. Бірнеше депутат Су кодексіне қатысты сұрақ қойды. Бірақ вице-министр жауап бере алмады, өзімен келген мамандардан түсіндіруді сұрады. Ақырында депутат Еділ Жаңбыршин шыдай алмай, вице-министрден басқаларға сілтей бермеуді өтінді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0b/38361855_39:0:662:467_1920x0_80_0_0_c50b563aee9f146131a6df69518a7c07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат
"Өтірік айтпаңыз": Депутат Базарбек жаңа министрлікті заңсыз әрекетке барды деп айыптады
18:16 18.03.2024 (жаңартылды: 18:18 18.03.2024) Оның айтуынша, министрлік кодекс жобасын порталға енгізген. Бірақ қоғамдық талқылау өткізбеген
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Депутат Бақытжан Базарбек жаңадан құрылған министрлік Су кодексін мәжілістің қарауына заңсыз енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палатаға кодексті су ресурстары және ирригация вице-министрі Болат Бекнияз алып келді. Құжатты таныстыру кезінде депутат Бақытжан Базарбек министрліктің заңсыз әрекетке барғанын ашық айтты. Себебі кодексті парламентте таныстырудың алдында қоғамдық талқылаудан өткізу керек. Мәжілісмен бірнеше ресми хатты көрсетті. Оған сәйкес, қоғамдық талқылау болмаған. "Құжат келісілді" деген жазба ғана бар.
"Сонымен кодекс жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілді ме, жоқ па? Экология кодексі бойынша мемлекеттік-экологиялық сараптама қоғамдық талқылаудың негізінде өткізіледі. Қоғамдық талқылауды сіздер өткізген жоқсыздар. Ал қоғамдық талқылау өтпесе, Су кодексін мәжіліске кіргізуге болмайды", - деді Базарбек.
Отырысқа қатысқан экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қоғамдық талқылау ақпан-наурыз айларында ұйымдастырылғанын айтты. Бірақ депутаттың "Қай жерде өтті?" деген сұрағына жауап бере алмады. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Болат Бекниязға сілтеді. Ол қоғамдық талқылаудың онлайн режимде порталда ашық талқылау форматында өткенін мәлімдеді.
"Сол кезде 20-ға жуық ескерту түсті. Біз бәріне жауап бердік", - деп атап өтті Бекнияз.
Депутат Базарбаев вице-министрдің жауабына қанағаттанған жоқ. Оның айтуынша, министрлік кодекс жобасын порталға енгізген. Бірақ қоғамдық талқылау өткізбеген. Оған халық оффлайн режимде қатысуы қажет.
"Сіздер қоғамдық талқылауды өткізген жоқсыздар. Өтірік айтудың қажеті қанша? Қоғамдық талқылауды өткізбедік деп айтсаңшы", - деді Базарбек.
Бүгін су ресурстары вице-министрі Болат Бекнияз басқа депутаттардан да сөз естіді. Бірнеше депутат Су кодексіне қатысты сұрақ қойды. Бірақ вице-министр жауап бере алмады, өзімен келген мамандардан түсіндіруді сұрады. Ақырында депутат Еділ Жаңбыршин шыдай алмай, вице-министрден басқаларға
сілтей бермеуді өтінді.