https://sputnik.kz/20240318/astanada-zheke-emkhana-qaytys-bolgan-zhane-koship-ketken-azamattar-ushin-aqsha-algan-42992946.html
Астанада жеке емхана қайтыс болған және көшіп кеткен азаматтар үшін ақша алған
Астанада жеке емхана қайтыс болған және көшіп кеткен азаматтар үшін ақша алған
Sputnik Қазақстан
Емхана заңсыз тіркеу есебінен 100 млн теңгеден астам қаражатқа 33 мыңнан астам қызметті "көрсеткені" анықталды 18.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-18T21:01+0500
2024-03-18T21:01+0500
2024-03-18T21:27+0500
емхана
https://sputnik.kz/img/1274/91/12749171_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_5169676755f77d3848740f72c2406ff9.jpg
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Астанадағы жеке емхана 16 мыңға жуық азаматты заңсыз тіркеген, оның 13 мыңнан астамы балалар, деп хабарлады әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.Бұл аздай, олар шетелге кеткендерді, тіпті 5-10 жыл бұрын қайтыс болған балаларды да тіркеп алған.Сақтандыру қорының айтуынша, емхана заңсыз тіркеу есебінен 100 млн теңгеден астам қаражатқа 33 мыңнан астам қызметті "көрсеткені" анықталды.Осы факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді."Қазіргі уақытта Астана қаласының мамандандырылған экономикалық сотында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен елордалық емхана арасында заңсыз алынған соманы қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр", - делінген хабарламада.Қазақстанда тегін көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерге 2024 жылы 2,8 триллионнан астам теңге төленді, оның 2,1 триллионы МӘМС қорынан жұмсалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/91/12749171_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_4e0dc7a7289bbaed04f94493d040c7ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
емхана
Астанада жеке емхана қайтыс болған және көшіп кеткен азаматтар үшін ақша алған
21:01 18.03.2024 (жаңартылды: 21:27 18.03.2024) Емхана заңсыз тіркеу есебінен 100 млн теңгеден астам қаражатқа 33 мыңнан астам қызметті "көрсеткені" анықталды
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Астанадағы жеке емхана 16 мыңға жуық азаматты заңсыз тіркеген, оның 13 мыңнан астамы балалар, деп хабарлады әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
Бұл аздай, олар шетелге кеткендерді, тіпті 5-10 жыл бұрын қайтыс болған балаларды да тіркеп алған.
Сақтандыру қорының айтуынша, емхана заңсыз тіркеу есебінен 100 млн теңгеден астам қаражатқа 33 мыңнан астам қызметті "көрсеткені" анықталды.
"Емханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қаражатынан әрбір тұрғын үшін айына 1 617,64 теңге мөлшерінде базалық төлем есептеледі. Бекітілген халықтың жас коэффициенті бойынша сома әрбір емханада жеке реттеледі. Нәтижесінде аталған клиника мемлекеттен әрбір тіркелген адам үшін айына шамамен 1 800 теңге алды", - деп түсіндірді қор.
Осы факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді.
"Қазіргі уақытта Астана қаласының мамандандырылған экономикалық сотында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен елордалық емхана арасында заңсыз алынған соманы қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстанда тегін көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерге 2024 жылы 2,8 триллионнан астам теңге төленді, оның 2,1 триллионы МӘМС қорынан жұмсалады.