Астанада АҚШ-тың ковбойлары мен қазақтың көкпаршылары тәжірибе алмасады

© Астана қаласының әкімдігіАстанада АҚШ-тың ковбойлары мен қазақтың көкпаршылары тәжірибе алмасады
Астанада АҚШ-тың ковбойлары мен қазақтың көкпаршылары тәжірибе алмасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2024
Жазылу
Ұйымдастырушылар атап өткендей, "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінің ішінде ұйымдастырылатын барлық мәдени-ойын-сауық іс-шараларын қала тұрғындары мен қонақтары көре алады
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Астанада АҚШ-тың ковбойлары және мойны жуан бұқаны бағындарғандар қазақстандық атбегілермен және көкпаршылармен өзара тәжірибе алмасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Спорт басқармасы Ұлттық спорт қауымдастығымен бірлесе отырып, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінде көрсетілімдік қойылымдар өткізбекпіз. Яғни, қала тұрғындары ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу және қыз қууды тамашалай алады. Ал тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сағатына тегін қатысады. Сондай-ақ кешенде қолөнершілер жәрмеңкесі болады. Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын керемет күннің куәсі болуға шақырамыз. Тұрғындар үшін кіру тегін", - деді Астана қаласы әкімдігінің спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінің ішінде ұйымдастырылатын барлық мәдени-ойын-сауық іс-шараларын қала тұрғындары мен қонақтары көре алады.
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі елордада 20 наурыз күні өтетін іс-ша­расында отандық және шетелдік спортшылар өзара тәжірибе алмасатыны жайлы атап өтті.
"Шара таңғы сағат 10-нан түскі 15.00-ге дейін болады. Оған Америка Құрама Штаттарынан келген делегациялар арнайы қонақ ретінде қатысады. Сондай-ақ айтулы көрсетілімдік қойылымдарға америкалық ковбойлар қатысады. Мойны жуан бұқаны бағындарғандар біздің атбегілермен өзара тәжірибе алмасады. Шетелдіктерге қазақтың "көкпары" таныстырылады", - деді "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ спорт бөлімінің басшысы Азамат Агзамов.
Жаңалықтар
0