Алматы мен Астанадан Үржарға әуе рейстері ашылады

Самолет Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2024
Жазылу
Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтында, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. QAZAQ AIR 1 маусымнан бастап Алматы мен Астанадан Үржарға әуе рейстері ашылатынын хабарлады.
Туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстер аптасына 4 рет жаңа de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесімен орындалады.
Сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері:
IQ 505 Астана (08:25) - Үржар (10:10);
IQ 506 Үржар (14:30) – Астана (16:10);
IQ 363 Алматы (12:40) - Үржар (14: 00);
IQ 364 Үржар (10:50) – Алматы (12: 10);
Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтында, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.
Компания мамандарының айтуынша, мұндай бағыттарға сұраныстың артуы ішкі туризм мен іскерлік белсенділіктің жоғары әлеуетін көрсетіп отыр.
Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
Қоғам
Жазда Алакөлге баратын пойыздарда 270 мыңнан аса орын ұсынылады
Жаңалықтар
0