https://sputnik.kz/20240317/qorgasta-qazaqstandyq-astyqty-vagonmen-qabyldaytyn-terminal-ashyldy-42939025.html
Қорғаста қазақстандық астықты вагонмен қабылдайтын терминал ашылды
Қорғаста қазақстандық астықты вагонмен қабылдайтын терминал ашылды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Қазақстаннан Қорғасқа астық пен майлы дақылдарды тек контейнерлер мен вагон автотасығыштар арқылы жеткізіп келген 17.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-17T09:21+0500
2024-03-17T09:21+0500
2024-03-17T09:21+0500
қорғас
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34139809_0:0:1819:1023_1920x0_80_0_0_b92336f756874b08ff9baf65bbcdefc8.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысымен шекаралас "Қорғас" арнайы экономикалық аймағында қазақстандық астықты астық вагондарымен қабылдау басталды, деп хабарлады Eldala.kz.2023 жылдың жазында бондылық аймақ аумағында сыйымдылығы 50 мың тонна астық сақтау қоймасы ашылып, биылғы жылдың басында мұнда хоппер (шанақ түріндегі вагон) арқылы алғашқы жүк қабылданды.Бұған дейін Қазақстаннан Қорғасқа астық пен майлы дақылдарды контейнерлер және вагон автотасығыштармен ғана жеткізіп келген. Дегенмен хопперлердіңіске қосылуы Қытайға астық экспорттау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.Қазақстан жағынан Қорғас бондылық аймағына кең табанды теміржол желілері тартылған. Астық түсіру желісі жеті вагонға арналған, бір пойыздың жүгін түсіруге алты сағат уақыт кетеді. Терминал тәулігіне екі пойыз немесе 6 мың тонна астық түсіруге дайын.Басылымның мәліметінше, терминал әзірге тестілік режимде жұмыс істеп тұр, бірақ жақын арада тұрақты негізде хопперлерді қабылдауға дайын болады. Алдағы уақытта жергілікті билік Қорғастағы бір реттік астық қоймасының сыйымдылығын қазіргі 50 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, жақын арада астық сақтау қоймаларының құрылысы кезең-кезеңімен басталады. Жаңа теміржол желілерін салу да жоспарда бар.Қорғас зондылық аймағында жем-шөп өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жемдік астыққа деген сұранысы қазір жылына 2 миллион тоннадан асады. Жаңа маусымға дейін бұл көрсеткіш артады деп болжануда, өйткені мұнда тағы үш осындай зауыт салынады. Сондықтан қытайлық сатып алушылар арасында бидай, арпа және жүгері ерекше сұранысқа ие.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34139809_187:0:1551:1023_1920x0_80_0_0_3416c5e5d5e8e5c52f94d5e4b15679da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғас , астық
Қорғаста қазақстандық астықты вагонмен қабылдайтын терминал ашылды
Бұған дейін Қазақстаннан Қорғасқа астық пен майлы дақылдарды тек контейнерлер мен вагон автотасығыштар арқылы жеткізіп келген
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысымен шекаралас "Қорғас" арнайы экономикалық аймағында қазақстандық астықты астық вагондарымен қабылдау басталды, деп хабарлады
Eldala.kz. 2023 жылдың жазында бондылық аймақ аумағында сыйымдылығы 50 мың тонна астық сақтау қоймасы ашылып, биылғы жылдың басында мұнда хоппер (шанақ түріндегі вагон) арқылы алғашқы жүк қабылданды.
Бұған дейін Қазақстаннан Қорғасқа астық пен майлы дақылдарды контейнерлер және вагон автотасығыштармен ғана жеткізіп келген. Дегенмен хопперлердіңіске қосылуы Қытайға астық экспорттау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.
Қазақстан жағынан Қорғас бондылық аймағына кең табанды теміржол желілері тартылған. Астық түсіру желісі жеті вагонға арналған, бір пойыздың жүгін түсіруге алты сағат уақыт кетеді. Терминал тәулігіне екі пойыз немесе 6 мың тонна астық түсіруге дайын.
Басылымның мәліметінше, терминал әзірге тестілік режимде жұмыс істеп тұр, бірақ жақын арада тұрақты негізде хопперлерді қабылдауға дайын болады. Алдағы уақытта жергілікті билік Қорғастағы бір реттік астық қоймасының сыйымдылығын қазіргі 50 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, жақын арада астық сақтау қоймаларының құрылысы кезең-кезеңімен басталады. Жаңа теміржол желілерін салу да жоспарда бар.
Қорғас зондылық аймағында жем-шөп өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жемдік астыққа деген сұранысы қазір жылына 2 миллион тоннадан асады. Жаңа маусымға дейін бұл көрсеткіш артады деп болжануда, өйткені мұнда тағы үш осындай зауыт салынады. Сондықтан қытайлық сатып алушылар арасында бидай, арпа және жүгері ерекше сұранысқа ие.