https://sputnik.kz/20240317/qazaqstanda-tasymaldaushylarga-ruqsat-blankileri-zhana-zhuyemen-beriledi-42963173.html
Қазақстанда тасымалдаушыларға рұқсат бланкілері жаңа жүйемен беріледі
Қазақстанда тасымалдаушыларға рұқсат бланкілері жаңа жүйемен беріледі
Sputnik Қазақстан
Жаңа жүйе қазақстандық тасымалдаушыларға бланкілерді қандай да бір шектеусіз беруді көздейді 17.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-17T18:07+0500
2024-03-17T18:07+0500
2024-03-17T18:07+0500
тасымалдау
кеден
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Көлік министрлігі рұқсат бланкілерін беру жүйесін өзгертуге ниетті.Ведомство шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындады.Жалпы рұқсат бланкілері не үшін қажет және бұл жүйе қалай жұмыс істейдіБүгінде Қазақстан әлемнің 42 еліне автокөлікпен халықаралық жүк тасымалдайды, оның 40-ы рұқсат беру жүйесі арқылы жүргізіледі. Былтыр осы мемлекеттермен 270,8 мың бірлік көлемінде шетелдік рұқсат бланкілерін алмасты. Бланкілер қазақстандық тасымалдаушылар арасында автоматтандырылған жүйемен бөлінді.Бланкілерді бөлу жүйесінің алгоритмі белгілі бір мемлекетке (белсенді АТС) олардың жұмыс тарихын ескере отырып, жекелеген тасымалдаушыларға жыл бойына құжаттардың белгілі бір санын бекітуді көздейді.Мәселен, ескі жүйе бәсекелестікті шектейді - тасымалдаушылардың басым бөлігі жыл бойы жұмыс істеу үшін қажетті бланкілерге жетпейді, дейді көлік министрлігі.Бұл ретте пайдаланылмаған рұқсаттар көптеп қалып қояды, олар жыл соңында жүйеге қайтарылады. Мәселен, 2023 жылы пайдаланылмаған бланкілердің 53% қайтарылды.Бұдан басқа, қолданыстағы әдістемеге сәйкес ИДБ тасымалдаушыларға 100 күнтізбелік күн мерзімге бос түрінде беріледі. Бұл тәсіл көлеңкелі нарықта алыпсатарлық бағамен бланкілерді қайта сатуға әкеп соғады.Бланкілерді бөлудің ағымдағы жүйесінің жетілмегендігіне байланысты және жүк тасымалдау нарығында әділ жағдайлар жасау және әділ бәсекелестікті дамыту мақсатында автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті рұқсат бланкілерін бөлудің жаңа тәртібін әзірледі.Ол қазақстандық тасымалдаушыларға қандай да бір шектеусіз рұқсат бланкілерін беруді көздейді.Сондай-ақ механизм рұқсат беру процестерінен адами факторды және көлеңкелі нарықта құжаттарды қайта сатудың алдын алады.Бланкілер тасымалдаушыларға ХҚКО арқылы, машиналарды рейске жібермес бұрын беріледі.16 наурызда халықаралық қатынаста автотасымалдауға рұқсат беру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА порталында орналастырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тасымалдау, кеден
Қазақстанда тасымалдаушыларға рұқсат бланкілері жаңа жүйемен беріледі
Жаңа жүйе қазақстандық тасымалдаушыларға бланкілерді қандай да бір шектеусіз беруді көздейді
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Көлік министрлігі рұқсат бланкілерін беру жүйесін өзгертуге ниетті.
Ведомство шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындады.
Жалпы рұқсат бланкілері не үшін қажет және бұл жүйе қалай жұмыс істейді
Бүгінде Қазақстан әлемнің 42 еліне автокөлікпен халықаралық жүк тасымалдайды, оның 40-ы рұқсат беру жүйесі арқылы жүргізіледі. Былтыр осы мемлекеттермен 270,8 мың бірлік көлемінде шетелдік рұқсат бланкілерін алмасты. Бланкілер қазақстандық тасымалдаушылар арасында автоматтандырылған жүйемен бөлінді.
Бланкілерді бөлу жүйесінің алгоритмі белгілі бір мемлекетке (белсенді АТС) олардың жұмыс тарихын ескере отырып, жекелеген тасымалдаушыларға жыл бойына құжаттардың белгілі бір санын бекітуді көздейді.
Мәселен, ескі жүйе бәсекелестікті шектейді - тасымалдаушылардың басым бөлігі жыл бойы жұмыс істеу үшін қажетті бланкілерге жетпейді, дейді көлік министрлігі.
Бұл ретте пайдаланылмаған рұқсаттар көптеп қалып қояды, олар жыл соңында жүйеге қайтарылады. Мәселен, 2023 жылы пайдаланылмаған бланкілердің 53% қайтарылды.
Бұдан басқа, қолданыстағы әдістемеге сәйкес ИДБ тасымалдаушыларға 100 күнтізбелік күн мерзімге бос түрінде беріледі. Бұл тәсіл көлеңкелі нарықта алыпсатарлық бағамен бланкілерді қайта сатуға әкеп соғады.
Бланкілерді бөлудің ағымдағы жүйесінің жетілмегендігіне байланысты және жүк тасымалдау нарығында әділ жағдайлар жасау және әділ бәсекелестікті дамыту мақсатында автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті рұқсат бланкілерін бөлудің жаңа тәртібін әзірледі.
Ол қазақстандық тасымалдаушыларға қандай да бір шектеусіз рұқсат бланкілерін беруді көздейді.
Сондай-ақ механизм рұқсат беру процестерінен адами факторды және көлеңкелі нарықта құжаттарды қайта сатудың алдын алады.
Бланкілер тасымалдаушыларға ХҚКО арқылы, машиналарды рейске жібермес бұрын беріледі.
16 наурызда халықаралық қатынаста автотасымалдауға рұқсат беру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА порталында орналастырылды.