Алматыда жоғалып кеткен жасөспірім табылды

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 наурыз - Sputtnik. Алматыда кәмелетке толмаған Рамазан Қалдаровты 500-ден астам адам іздеді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Жасөспірім 13 наурызда жоғалып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларына жедел уәкілдер, ювеналды полиция инспекторлары, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ еріктілер мен мұғалімдер қатысты.
"Ең алдымен сауда және ойын-сауық орталықтары мен жеткіншектің жақын ортасы тексерілді. Сонымен қатар Алматы маңындағы базарлардың бірінде жас жігіттің қаңғып жүргендігі туралы ақпарат тексерілді", - дейді ведомство.
Іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0