Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКЛедоход на Иртыше
Ледоход на Иртыше - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2024
Жазылу
Семейде қала көшелерін еріген қар суы басқан
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik.Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Шешімнің жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
"Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", - делінген құжатта.
Осы шешім 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.
Еске сала кетейік, Семейде қала көшелерін еріген қар суы басқан. Бұған дейін ТЖМ елімізде 17 өңірдің 10-ында су басу қаупі бар екенін хабарлаған болатын.
В Атырауской области проводились оперативные работы по откачке воды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Семейде еріген қар суы аулаларды басты
Жаңалықтар
0