Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

Ресейдегі президент сайлауына келушілердің үлесі 38 пайыздан асты

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуПодготовка к выборам президента РФ
Подготовка к выборам президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2024
Жазылу
Кеше сайлаушылардың белсенділігі өте жақсы болды
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ресейдегі сайлаудың екінші күні таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 38,35 пайызы қатысқан. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Булаев мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Менің ойымша, кеше сайлаушылардың белсенділігі өте жақсы болды. Қашықтан электронды дауыс берушілерді қоса есептегенде, сайлаушылардың қатысуы 38,35%-ды құрады", - деді ол.
2018 жылғы бір күндік дауыс сайлауда Мәскеу уақытымен 10:00-де сайлаушылардың қатысуы 16,55%, түске қарай - 34,72%, 17:00-ге қарай - 51,9%-ды құраған еді. Содан кейін жалпы келушілердің үлесі 67%-дан асты.
Бейсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де Камчаткадағы Чукоткада алғашқы сайлау учаскелері ашылды. Жұма күні сағат 9:00-де Ресейдің ең батыс аймағы – Калининград облысында дауыс беру пункттері ашылған болатын.
Сайлауда 2,6 миллионға жуық ресейлік мерзімінен бұрын дауыс берді.
Үш күн бойы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
17 наурыз, жексенбі негізгі дауыс беру күні болады.
Ресей президенті Ресей Федерациясының Конституциясына, 2002 жылғы 12 маусымдағы "Сайлау құқықтарының негізгі кепілдіктері және Ресей Федерациясы азаматтарының референдумға қатысу құқығы туралы" және 2003 жылғы 10 қаңтардағы Ресей Федерациясының президентін сайлау туралы" федералдық заңдарына сәйкес сайланады.
Жаңалықтар
0