https://sputnik.kz/20240316/qazaqstandagy-kolledzh-studentterinin-70-i-tegin-oqidy-42936647.html
Қазақстандағы колледж студенттерінің 70%-і тегін оқиды
Қазақстандағы колледж студенттерінің 70%-і тегін оқиды
Sputnik Қазақстан
Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр 16.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-16T17:33+0500
2024-03-16T17:33+0500
2024-03-16T17:33+0500
студенттер
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177341_0:159:3078:1890_1920x0_80_0_0_4ac19313b5f6d0454375a3ac20fea3be.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Үкіметте техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін мамандандыру мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.Колледждерге қатысты қазіргі жағдай мен білім беру ұйымдарын мамандандыру аясында атқарылатын шаралар туралы оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева баяндады.Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр. Олардың 70%-ға жуығы тегін оқуда. Салалық ведомство оқу орындарының жұмысына сараптама жүргізіп, орналасқан жері мен өңірдің еңбек нарығы сұранысына сай мамандандыру шараларын қолға алмақ.2030 жылға дейін еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасына сай еліміз 4 макроөңірге бөлінген болатын. Яғни, аймақтар бейімділігне сай жұмысшы мамандарды дайындау мақсаты тұр. Осы орайда жергілікті сұранысқа сәйкес колледждерді мамандандыру шаралары жүргізіледі. Биыл бұл жұмыс 232 оқу орнына қатысты атқарылмақ. Қазірде тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылып, ұсыныстар әзірлеуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177341_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_546266fae17c775201629aa7c67c39fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер
Қазақстандағы колледж студенттерінің 70%-і тегін оқиды
Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Үкіметте техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін мамандандыру мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Колледждерге қатысты қазіргі жағдай мен білім беру ұйымдарын мамандандыру аясында атқарылатын шаралар туралы оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева баяндады.
Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр. Олардың 70%-ға жуығы тегін оқуда. Салалық ведомство оқу орындарының жұмысына сараптама жүргізіп, орналасқан жері мен өңірдің еңбек нарығы сұранысына сай мамандандыру шараларын қолға алмақ.
"Сараптама бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бірдей мамандықтар оқытылатынын көрсеткен. Ең көбі Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы сапаны бақылау аясында контингенті төмен колледждердің лицензиясын қайтару жұмысы қолға алынды. Былтыр 161 оқу орнының лицензиясы алынды", — деді Наталья Жұмаділдаева.
2030 жылға дейін еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасына сай еліміз 4 макроөңірге бөлінген болатын. Яғни, аймақтар бейімділігне сай жұмысшы мамандарды дайындау мақсаты тұр. Осы орайда жергілікті сұранысқа сәйкес колледждерді мамандандыру шаралары жүргізіледі. Биыл бұл жұмыс 232 оқу орнына қатысты атқарылмақ. Қазірде тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылып, ұсыныстар әзірлеуде.