Алматы халықаралық әуежайында рейстер үшінші күн қатарынан кешігіп жатыр

© SputnikПассажиры задержанных рейсов в аэропорту Алматы
Пассажиры задержанных рейсов в аэропорту Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2024
Жазылу
Бұған дейін көлік министрлігі Алматы әуежайындағы рейстер кестесі 16 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін толық қалпына келеді деп уәде берген болатын
АЛМАТЫ, 16 наурыз - Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында үшінші күн қатарынан рейстер кешігіп жатыр.
Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, қазіргі уақытта 16 рейс кешіккен.
Бұған дейін көлік министрлігі Алматы әуежайындағы рейстер кестесі 16 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін толық қалпына келеді деп уәде берген болатын.
14-15 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты 50-ден астам рейс кешігіп, 7 рейс тоқтатылды.
Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттерді қайта брондай алады немесе ақшасын қайтара алады.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы халықаралық әуежайындағы жолаушылардың кейбірі әлі де діттеген жеріне жете алмай жүр. Олар тасымалдаушы компаниялардың қызметіне наразы, айтуларынша түнеу орындары мен тамақтандыру қызметі өз деңгейінде ұйымдастырылмаған. Тіпті мардымды жауап ала алмай жүрміз дейді.
14 наурызда түстен кейін Алматыда болған күрделі метеожағдайлар салдарынан әуежайда қызметі тығырыққа тірелді. Рейстер екі сағатқа тоқтады.
 Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Алматы әуежайындағы рейстер ертең таңертең толық қалпына келтіріледі
Жаңалықтар
0