https://sputnik.kz/20240315/zhyl-basynan-beri-qazaqstandagy-bolshek-saudanyn-275-yn-azyq-tulik-onimderi-qurady-42904017.html
Жыл басынан бері Қазақстандағы бөлшек сауданың 27,5%-ын азық-түлік өнімдері құрады
Жыл басынан бері Қазақстандағы бөлшек сауданың 27,5%-ын азық-түлік өнімдері құрады
Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы статистика мамандарының мәліметінше, бөлшек сауда осы сала көлемінің 30,9%-ын құрайды 15.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-15T10:53+0500
2024-03-15T10:53+0500
2024-03-15T10:53+0500
азық-түлік
статистика комитеті
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1d/36404974_0:0:3093:1740_1920x0_80_0_0_24189c10a04e806484deb1b2d9212769.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарлары 27,5%-ды құрады, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында азық-түлік емес тауарлардың үлесі 72,5%-ды құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.Қазақстанның сауда саласының нақты көлем индексі қаңтар-ақпанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2%-ды (2023 жылғы қаңтар-ақпан – 111,5%) құрады.Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ға артып, 2 468,7 миллиард теңгені құрағанын хабарлады."Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 1 951 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 9,9%-ға артық", - деп хабарлады бюродағылар.Ведомство анықтағандай, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сату көлемінің ең көп өсуі мына тауарды сататын кәсіпорындарда байқалған:1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы бөлшек сауда кәсіпорындарының тауарлық-материалдық қорларының көлемі саудада 1 569 миллиапд теңгені құрады, сауда күндерінде – 74 күн. Саланың өсу қарқынымен қатар статистика мамандары олардың төмендегенін хабарлады – бір жыл бұрын бөлшек саудадағы тауарлық-материалдық қорлардың көлемі 1 460,5 млрд теңгені немесе 76 күнді құрады.Өңірлер бойынша жыл басынан бері ең көп бөлшек сауда Алматы (31%) және Астана (12,4%), Қарағанды (8,6%) және Шығыс Қазақстан (5,9%) облыстарында тіркелді.Сала көлемінің 68,8 %-ын құрайтын көтерме сауда бойынша статистика мамандары: алғашқы екі айда 5 498,6 миллиард теңгеге өскенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104%-дв құрағанын хабарлады."Көтерме тауар айналымының құрамында азық-түлік емес тауарлар мен өнеркәсіптік мақсаттағы тауарлар (79%) басым", - деп толықтырды бюродағылар.Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша көтерме саудада сауда кәсіпорындарының тауарлық-материалдық қорларының көлемі 1 941,2 миллиапд теңгеге жетті, сауда күндері – 42 күн. Статистика мамандары көтерме сауда көлемі тез өсе бастағанын мәлімдеді: мысалы, 2023 жылдың 1 наурызында тауарлық-материалдық қорлар 1 537,1 миллиард теңгені құрады, бұл 40 күндік саудаға жетеді.Қаңтар-ақпан айларында республикадағы көтерме сауданың жалпы көлемінде Алматы (39,2%), Атырау облысы (17,9%), Астана (16,9%) және Қарағанды облысы (4,9%) көш бастап тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1d/36404974_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_e1ccb3c9db238c0b38655f1cece69ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, статистика комитеті
азық-түлік, статистика комитеті
Жыл басынан бері Қазақстандағы бөлшек сауданың 27,5%-ын азық-түлік өнімдері құрады
Қазақстандағы статистика мамандарының мәліметінше, бөлшек сауда осы сала көлемінің 30,9%-ын құрайды
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарлары 27,5%-ды құрады, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында азық-түлік емес тауарлардың үлесі 72,5%-ды құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Қазақстанның сауда саласының нақты көлем индексі қаңтар-ақпанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2%-ды (2023 жылғы қаңтар-ақпан – 111,5%) құрады.
"Саланың жалпы көлемінің елеулі үлесі көтерме саудаға тиесілі, оның үлесі 68,8%, бөлшек сауда – 30,9%", - деп толықтырды ведомстводағылар.
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ға артып, 2 468,7 миллиард теңгені құрағанын хабарлады.
"Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 1 951 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 9,9%-ға артық", - деп хабарлады бюродағылар.
Ведомство анықтағандай, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сату көлемінің ең көп өсуі мына тауарды сататын кәсіпорындарда байқалған:
дәретхана керек-жарақтары,
сағаттар мен зергерлік бұйымдар,
автомобиль бөлшектері, тораптары мен керек-жарақтары,
былғарыдан жасалған бұйымдар.
1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы бөлшек сауда кәсіпорындарының тауарлық-материалдық қорларының көлемі саудада 1 569 миллиапд теңгені құрады, сауда күндерінде – 74 күн. Саланың өсу қарқынымен қатар статистика мамандары олардың төмендегенін хабарлады – бір жыл бұрын бөлшек саудадағы тауарлық-материалдық қорлардың көлемі 1 460,5 млрд теңгені немесе 76 күнді құрады.
Өңірлер бойынша жыл басынан бері ең көп бөлшек сауда Алматы (31%) және Астана (12,4%), Қарағанды (8,6%) және Шығыс Қазақстан (5,9%) облыстарында тіркелді.
Сала көлемінің 68,8 %-ын құрайтын көтерме сауда бойынша статистика мамандары: алғашқы екі айда 5 498,6 миллиард теңгеге өскенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104%-дв құрағанын хабарлады.
"Көтерме тауар айналымының құрамында азық-түлік емес тауарлар мен өнеркәсіптік мақсаттағы тауарлар (79%) басым", - деп толықтырды бюродағылар.
Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша көтерме саудада сауда кәсіпорындарының тауарлық-материалдық қорларының көлемі 1 941,2 миллиапд теңгеге жетті, сауда күндері – 42 күн. Статистика мамандары көтерме сауда көлемі тез өсе бастағанын мәлімдеді: мысалы, 2023 жылдың 1 наурызында тауарлық-материалдық қорлар 1 537,1 миллиард теңгені құрады, бұл 40 күндік саудаға жетеді.
Қаңтар-ақпан айларында республикадағы көтерме сауданың жалпы көлемінде Алматы (39,2%), Атырау облысы (17,9%), Астана (16,9%) және Қарағанды облысы (4,9%) көш бастап тұр.