https://sputnik.kz/20240315/toqaev-tarikhty-orynsyz-qazbalau-zhaqsylyq-akelmeytinin-aytty-42920866.html
Тоқаев тарихты орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейтінін айтты
Тоқаев тарихты орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейтінін айтты
Sputnik Қазақстан
Зиялы қауым ең алдымен еліміздің бірлігін нығайтуға баса назар аударғаны жөн, деді президент 15.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-15T15:33+0500
2024-03-15T15:33+0500
2024-03-15T15:34+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0f/42919099_0:39:1280:759_1920x0_80_0_0_87fd20fb1dd5f9e52b436da20fbc379d.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бүгін Атырауда ашылған ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейтінін ерекше атап өтті.Оның айтуынша, қазіргі тарихи кезеңде халқымыздың сөзі де, ісі де бір болуы қажет. Ал зиялы қауым ең алдымен еліміздің бірлігін нығайтуға баса назар аударғаны жөн. Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек."Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос" деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз", - деп атап өтті Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0f/42919099_108:0:1172:798_1920x0_80_0_0_a1adc59a970edeb3d8c18aba967051e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев тарихты орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейтінін айтты
15:33 15.03.2024 (жаңартылды: 15:34 15.03.2024) Зиялы қауым ең алдымен еліміздің бірлігін нығайтуға баса назар аударғаны жөн, деді президент
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бүгін Атырауда ашылған ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейтінін ерекше атап өтті.
"Ашығын айтуымыз керек, біз тарихқа келгенде көбінесе эмоцияға беріліп кетеміз. Өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейді, оның пайдасынан гөрі, зияны көп. "Өспейтін елдің баласы өнбейтін дауды қуады" деп бекер айтпаған. Өткен іс өтті, енді оны ешкім өзгерте алмайды. Уақыт ең әділ төреші екенін ұмытпайық. Бізге бітпейтін дау-дамай емес, мызғымас ынтымақ пен бірлік керек", - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, қазіргі тарихи кезеңде халқымыздың сөзі де, ісі де бір болуы қажет. Ал зиялы қауым ең алдымен еліміздің бірлігін нығайтуға баса назар аударғаны жөн. Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек.
"Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос" деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз", - деп атап өтті Тоқаев.