Шетелден бидай тасымалдауға жарты жылға тыйым салынады

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуСушка зерна, архивное фото
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" бұйрық әзірледі. Құжат "Ашық" НҚА порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, ел аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автокөлік, су көлігі және теміржол арқылы бидай әкелуге 6 айға тыйым салынатыны жазылған.
Бидайды теміржол көлігімен өндіру және тұтыну мақсатында құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарына әкелуге рұқсат бар. Құжатта көрсетілгендей, осы мақсатта әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықта сатылымға шығарылмайды.
Бұл тыйым Қазақстан аумағынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалы аясында ел аумағына әкелінетін бидайға әсер етпейді.
Жаңалықтар
0