Президент Яссауи кесенесінің тарихи жәдігерін қалпына келтіруді тапсырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев посетил мавзолей Ходжа Ахмета Яссауи
Касым-Жомарт Токаев посетил мавзолей Ходжа Ахмета Яссауи - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
Талай заманнан келе жатқан көне жапқышты қалпына келтіру жұмысы біраз жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған
АСТАНА, 15 наурыз - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихи жәдігерін қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Атырауда өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Ясауи кесенесіне қатысты көне жәдігердің мәселесін қозғады.
"Ислам елдерінде әйгілі дін қайраткерлерінің бейіті міндетті түрде жапқышпен жабылады. Мәдинадағы Мұхаммед Пайғамбардың қабірі де осылай бүркелген. Бұл – Ислам өркениетінің дәстүрі. Ал қасиетті Түркістандағы Ясауи қабірінде көптен бері арнайы жапқыш жоқ. Талай заманнан келе жатқан көне жапқышты қалпына келтіру жұмысы біраз жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған",-деді Тоқаев.
Президент жапқышты қысқа уақыттың ішінде қалпына келтіруді тапсырды.
"Мен құзырлы мемлекеттік органға осы құнды мұраны тезірек сапалы жөндеуден өткізіп, тарихи орнына қайтаруды тапсырамын",-деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Қоғам
Тоқаев елдің емес, қара басының қамын ойлайтын бизнесмендер туралы айтты
Жаңалықтар
0