Астананың екі тұрғыны заңсыз 7 млрд теңге тапқан – сот үкімі шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
Сотталғандар үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Астанада криптовалютамен заңсыз ақша тапқан екі астаналық сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сот материалдарына сәйкес, екі дос "Binance" платформасында цифрлық активтер – USDT-лерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған. Осылайша, 2021 жылдан бастап үш жылдың ішінде Астана қаласының аумағында 7 миллиард теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.
Ал заң бойынша ондай кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, міндетті түрде лицензия алу кеерк. Сот үкімімен екеуі де кінәлі деп танылды. Біреуі 3 жылға, ал екіншісі 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ оларға 7 жыл бойы цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сотталғандар үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Бірақ үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0