"Ұлы Дала Жорығы" марафон-бәйгесінің іріктеу туры мамырда өтеді

© Photo : Amanat "Ұлы дала жорығы" марафоны
  Ұлы дала жорығы марафоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Жазылу
"Ұлы дала жорығы" Петропавлдағы Абылай ханның резиденциясынан басталады
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Биыл "көшпенділердің V дүниежүзілік ойындары қарсаңында өтетін "Ұлы Дала Жорығы" бірегей марафонының республикалық іріктеу туры басталатын күн жарияланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты "JORYQ" Республикалық ат спорты федерациясына сілтеме жасап.
11 наурыз күні "JORYQ" республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті.
Атап айтқанда, кездесу барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
"Сондай-ақ жиын барысында "Ұлы Дала Жорығы" республикалық іріктеу турының өтетін орны мен басталу күні белгіленді. Осылайша, марафон-бәйгенің Петропавл қаласындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясы басталатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген хабарламада.
Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды.
Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енгізіледі.
"Үздік үштікке енген жеңімпаз командалар қыркүйек айына жоспарланған "Ұлы Дала Жорығы" халықаралық турына лицензияға ие болмақ. Қазіргі таңда аймақтық іріктеу турлары жүріп жатыр, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады.
Жаңалықтар
0