Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

Ресейліктер 2024 жылғы президент сайлауында Қазақстанның қай қалаларында дауыс бере алады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРесей президентінің сайлауына дайындық
Ресей президентінің сайлауына дайындық - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Жазылу
Қазақстанда дауыс беру Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ елдің батысы мен шығысында өтеді
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Жексенбі, 17 наурызда Ресей президенті сайлауы өтеді. Қазақстанда тұратын ресейліктер төрт қалада дауыс бере алады:
Астанада – Кенесары көшесі, 39 мекенжайында орналасқан Россотрудничество ғимаратында (Орыс үйі)
Алматыда – Жандосов көшесі, 4 ғимарат мекенжайында орналасқан Бас консулдықта
Оралда – Мұхит көшесі, 78 мекенжайында орналасқан Бас консулдықта
Өскеменде – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 2а ғимаратында орналасқан Бас консулдықта.
Учаскелер Астана уақыты бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Дауыс беру үшін консулдықта тіркелудің қажеті жоқ:
"Шетелде тұрақты тұратын немесе іссапарда жүрген, сондай-ақ жеке істерімен жүрген Ресей азаматтары Ресей Федерациясының алдағы президент сайлауында дауыс беруге қатыса алады. Дауыс беруге қатысу үшін консулдық тіркеуден өту талап етілмейді", - деп атап өтті Ресей дипломаттары.
Дегенмен өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.
Астанада елорданың өзінде, сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында уақытша тұратын ресейліктер дауыс бере алады.
Алматыда Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда, Жетісуда облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын ресейліктер дауыс береді.
Оралда Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарында, ал Өскеменде Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүрген ресейліктер үшін сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Ресей президенті 6 жыл мерзімге – 2030 жылдың 7 мамырына дейін сайланады. Инаугурация 2024 жылдың 7 мамырында өтеді.
Жаңалықтар
0