https://sputnik.kz/20240314/resey-shveytsariyadagy-ukraina-boyynsha-konferentsiyaga-qatysudan-bas-tartty-42874400.html
Ресей Швейцариядағы Украина бойынша конференцияға қатысудан бас тартты
Ресей Швейцариядағы Украина бойынша конференцияға қатысудан бас тартты
Sputnik Қазақстан
Ресей сыртқы істер министрлігіндегілер алдағы конференция Копенгаген форматындағы кездесулердің жалғасы екенін айтты
14.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-14T09:49+0500
2024-03-14T09:49+0500
2024-03-14T09:49+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
мәскеу
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25708132_0:0:909:512_1920x0_80_0_0_c0462fd42898f9150d78c34dda54df3e.png
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Швейцариядағы Украина бойынша конференцияға ресми шақыру түссе де қатысуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.Оның айтуынша, бұл форум "Зеленский формуласы" ультиматумын ілгерілетуге арналады, дегенмен оның Швейцариядағы ұйымдастырушылары әртүрлі елдердің бейбітшілік бастамаларын іздеп жүргендей кейіп танытады.Захарова Швейцарияның бітімгер ретінде әрекет ете алмайтынын және талқылауға орын ұсына алмайтынын, өйткені Берн бейтарап статусты жоғалтқанын айтты.Ол қаңтарда Швейцарияның сыртқы саяси стратегиясында еуропалық қауіпсіздік жүйесін Ресеймен бірге емес, "Ресейден тыс" құру керек деген ереже енгізілгенін еске салды.Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі алдағы конференция қазір тығырыққа тірелген Копенгаген форматындағы кездесулердің жалғасы екенін айтты.Захарова сондай-ақ Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді бастау туралы кез келген ұсыныс Украина лидері Владимир Зеленскийдің Ресей президенті Владимир Путинмен диалог жүргізуге тыйым салатын жарлығының күшін жоюдан басталуы керек деп қосты. Ол Ресей басшылығы жанжалды реттеу бойынша келіссөздерге ашық екенін еске салды. Захарова сонымен қатар Мәскеудің "ультиматумдар тілін" қабылдамайтынын айтты.Украинаның бітімгершілік жоспары ресейлік әскерді 1991 жылғы шекараға шығаруды, сондай-ақ Мәскеуден Киевке міндетті өтемақы төлеуді қамтиды.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25708132_88:0:785:523_1920x0_80_0_0_fce700024c3dafe2ae8143a08a96b389.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу
Ресей Швейцариядағы Украина бойынша конференцияға қатысудан бас тартты
Ресей сыртқы істер министрлігіндегілер алдағы конференция Копенгаген форматындағы кездесулердің жалғасы екенін айтты
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Швейцариядағы Украина бойынша конференцияға ресми шақыру түссе де қатысуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл форум "Зеленский формуласы" ультиматумын ілгерілетуге арналады, дегенмен оның Швейцариядағы ұйымдастырушылары әртүрлі елдердің бейбітшілік бастамаларын іздеп жүргендей кейіп танытады.
Захарова Швейцарияның бітімгер ретінде әрекет ете алмайтынын және талқылауға орын ұсына алмайтынын, өйткені Берн бейтарап статусты жоғалтқанын айтты.
"Ол ашық украиншыл позицияны ұстанады, Ресейге қарсы қарарларға дауыс береді, тыйым салынған активтерімізді тәркілеуді қарастырады, Ресейге қарсы заңсыз санкцияларға қосылады және Зеленский формуласы бойынша кездесулер өткізеді", - деді Захарова.
Ол қаңтарда Швейцарияның сыртқы саяси стратегиясында еуропалық қауіпсіздік жүйесін Ресеймен бірге емес, "Ресейден тыс" құру керек деген ереже енгізілгенін еске салды.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі алдағы конференция қазір тығырыққа тірелген Копенгаген форматындағы кездесулердің жалғасы екенін айтты.
Захарова сондай-ақ Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді бастау туралы кез келген ұсыныс Украина лидері Владимир Зеленскийдің Ресей президенті Владимир Путинмен диалог жүргізуге тыйым салатын жарлығының күшін жоюдан басталуы керек деп қосты. Ол Ресей басшылығы жанжалды реттеу бойынша келіссөздерге ашық екенін еске салды. Захарова сонымен қатар Мәскеудің "ультиматумдар тілін" қабылдамайтынын айтты.
Украинаның бітімгершілік жоспары ресейлік әскерді 1991 жылғы шекараға шығаруды, сондай-ақ Мәскеуден Киевке міндетті өтемақы төлеуді қамтиды.