Президент "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасын қабылдады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Нурлан Жакупов
Касым-Жомарт Токаев и Нурлан Жакупов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Жазылу
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысына Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Атап айтқанда, президентке холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндалды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және "Самұрық-Қазына" компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Нұрлан Жақыпов қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді. Холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады.
Жаңалықтар
0