https://sputnik.kz/20240314/petropavlda-zeynetkerdin-100-mln-tengesin-urlap-ketkender-ustaldy-42874666.html
Петропавлда зейнеткердің 100 млн теңгесін ұрлап кеткендер ұсталды
Петропавлда зейнеткердің 100 млн теңгесін ұрлап кеткендер ұсталды
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар зейнеткерді алдау үшін кәдімгідей спектакль қойған 14.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-14T10:11+0500
2024-03-14T10:11+0500
2024-03-14T10:11+0500
петропавл
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0e/42873729_0:1:1200:676_1920x0_80_0_0_2cbe4d2cd70995de6b32801e3183de94.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Петропавл қаласында зейнеткер әйелдің 100 миллион теңгесін ұрлап кеткен екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Былтыр маусым айында зейнеткердің пәтеріне қоңырау соғылды. Әйел есікті ашқанда, екі жас жігіт тұрды. "Аквафор" су сүзгісін жеңілдікпен орнатып береміз деп, оны тиімді тауарды орнатуға көндірген. Олар өз жұмысын тыңғылықты орындап, еш күмән тудырмаған. Ал зейнеткер көрші бөлмеден ақша алып, су сүзгісі үшін төлем жасаған. Сол кезде біреуі ақша жасырылған жерді байқап қалған.Алаяқтар зейнеткерді алдау үшін кәдімгідей спектакль қойған. Біреуі әйелді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 миллион теңгені жымқырып кетті. Зейнеткер ақшаның қолды болғанын бірден байқамаған. Бірнеше күннен кейін ғана көріп, полицияға хабар берді.Ақша ұрланған пәтерге аға криминалист Ербол Мусин барды. Ол алдымен әріптестерімен бірге үйді мұқият қарап шықты. Ал сүзгі құрылғысының қорабынан алаяқтардың іздерін тапты. Сол арқылы қылмыскерлердің жеке басы анықталды.Екеуі Қостанай облысының тумасы болып шықты. Ал біреуі Петропавл қаласында тұрады. Қылмыскерлер ұсталды. Ақшаның бір бөлігі әйелге қайтарылды.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0e/42873729_150:0:1051:676_1920x0_80_0_0_e6916bfa45cf32fdafe7883febf121ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, алаяқтық
Петропавлда зейнеткердің 100 млн теңгесін ұрлап кеткендер ұсталды
Алаяқтар зейнеткерді алдау үшін кәдімгідей спектакль қойған
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Петропавл қаласында зейнеткер әйелдің 100 миллион теңгесін ұрлап кеткен екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Былтыр маусым айында зейнеткердің пәтеріне қоңырау соғылды. Әйел есікті ашқанда, екі жас жігіт тұрды. "Аквафор" су сүзгісін жеңілдікпен орнатып береміз деп, оны тиімді тауарды орнатуға көндірген. Олар өз жұмысын тыңғылықты орындап, еш күмән тудырмаған. Ал зейнеткер көрші бөлмеден ақша алып, су сүзгісі үшін төлем жасаған. Сол кезде біреуі ақша жасырылған жерді байқап қалған.
Алаяқтар зейнеткерді алдау үшін кәдімгідей спектакль қойған. Біреуі әйелді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 миллион теңгені жымқырып кетті. Зейнеткер ақшаның қолды болғанын бірден байқамаған. Бірнеше күннен кейін ғана көріп, полицияға хабар берді.
Ақша ұрланған пәтерге аға криминалист Ербол Мусин барды. Ол алдымен әріптестерімен бірге үйді мұқият қарап шықты. Ал сүзгі құрылғысының қорабынан алаяқтардың іздерін тапты. Сол арқылы қылмыскерлердің жеке басы анықталды.
Екеуі Қостанай облысының тумасы болып шықты. Ал біреуі Петропавл қаласында тұрады. Қылмыскерлер ұсталды. Ақшаның бір бөлігі әйелге қайтарылды.