Алматыда әскери қызметшілерді Голан жотасына шығарып салды

© Sputnik/Ертай СарбасовМиротворцы
Миротворцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Жазылу
Министр Руслан Жақсылықов контингент командирі подполковник Жігер Аиповқа мемлекеттік туды табыс етті
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Алматыда Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлік контингентін БҰҰ-ның Голан жотасындағы миссиясына шығарып салу салтанаты өтті, деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың айтуынша, бұл Қазақстан үшін үлкен мәртебе.
"Өйткені қысқа мерзім ішінде әскери-саяси жағдайдағы ерекше тапсырмаларды орындауға дайын, барлық халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін бітімгерлік контингентті дайындап, жарақтай алдық", – деп атап өтті ол.
Қорғаныс ведомствосының басшысы БҰҰ мен халықаралық қоғамдастық мемлекетіміз бен оның Қарулы күштерінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ең жауапты міндеттерді орындау қабілетін мойындағанын атап өтті.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда әскери қызметшілерді Голан жотасына шығарып салды
Миротворцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Алматыда әскери қызметшілерді Голан жотасына шығарып салды
"Сонымен қатар бұл еліміз бен әлемдік қоғамдастық алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз дайындықтың, тәртіптің жоғары деңгейін көрсетіп, халықаралық аренада Қазақстан Республикасы мен оның Қарулы күштерінің беделін жоғары көтеруіміз керек", – деп түйіндеді ол.
Жиында сөз алған парламент мәжілісінің депутаттары Константин Авершин мен Болат Керімбек бітімгерлерге ақ жол тіледі.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов контингент командирі подполковник Жігер Аиповқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын табыс етті. Әскери қызметшілер онда жеткен соң біздің мемлекетіміздің нышаны Голан жотасындағы қазақстандық бітімгерлік базаның аумағына ілінеді.
© Sputnik/Ертай СарбасовМинистр Руслан Жақсылықов контингент командиріне мемлекеттік туды табыс етті
Миротворцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Министр Руслан Жақсылықов контингент командиріне мемлекеттік туды табыс етті
Подполковник Жігер Аипов атап өткендей, бітімгерлік контингенттің жеке құрамы кешенді бітімгерлік дайындықтан өтті және БҰҰ миссиясының мандаты шеңберінде жүктелген міндеттерді орындауға дайын.
© Sputnik/Ертай СарбасовКонтингент командирі подполковник Жігер Аипов
Миротворцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Контингент командирі подполковник Жігер Аипов
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап 67 қазақстандық офицер БҰҰ-ның Батыс Сахара, Кот-д ' Ивуар, Мали, Орталық Африка Республикасы және Ливандағы миссияларына әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері ретінде қатысып келеді.
2018 жылдан бері 538 қазақстандық әскери қызметші бітімгерлік бөлімше құрамында "БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері" миссиясына қатысты.
Қазіргі уақытта Батыс Сахарада 6, Орталық Африка Республикасында 2, Конго Демократиялық Республикасында 2, Ливанда 9 офицер БҰҰ-ның миссияларында қызмет етуде. Голан жотасына139 қазақстандық әскери қызметші жіберілді. Олар онда миссия мандатына сәйкес, қарама-қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін қолдау жөніндегі міндеттерді орындайды.
Жаңалықтар
0