https://sputnik.kz/20240313/yadrolyq-qarudy-qoldanuga-qazhettilik-bolmady--putin---42847464.html
Ядролық қаруды қолдануға қажеттілік болмады – Путин
Ядролық қаруды қолдануға қажеттілік болмады – Путин
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, Ресей мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана жаппай қырып-жоятын қаруды қолданады 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T08:54+0500
2024-03-13T08:54+0500
2024-03-13T09:16+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1d/14588932_0:9:1280:729_1920x0_80_0_0_eccbe63b0040cf421b54215c6508e315.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Арнайы операция кезінде ешқашан тактикалық ядролық қаруды қолданудың қажеттілігі болмады, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Киселевке берген сұхбатында."Демек сізге мұндай ой келмеді ме?" деген сұраққа Путин: "Жоқ, оның керегі не?" деп жауап берді.Оның айтуынша, Ресей жаппай қырып-жоятын қаруды мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана қолдануға дайын және Ресейдің "ядролық үштігі" басқаларға қарағанда соңғы үлгідегі екенін еске алды.Владимир Путин АҚШ ядролық сынақтар өткізетін болса, Ресей де солай етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.Ол мұндай сынақтарға тыйым салатын келісім бар екенін еске салды. Штаттар Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ратификацияламады, ал Ресей тепе-теңдікті сақтау үшін жасаған ратификацияны қайтарып алды, деп атап өтті Ресей президенті."Келісім АҚШ тарапынан ратификацияланбағандықтан, ол толық заңды күшіне енген жоқ. Бірақ соған қарамастан, біз бұл келісімдерді ұстанамыз", - деп мәлімдеді Путин.Дегенмен АҚШ-та мұндай сынақтарды өткізу мүмкіндігі қаралып жатыр, деп толықтырды ол."Жаңа оқтұмсықтар пайда болған кезде, кейбір сарапшылардың пайымдауынша, оларды тек компьютерде сынау жеткіліксіз, табиғи түрде сынақтан өткізу қажет. АҚШ-тағы белгілі бір топтардың ойы осындай. Оны біліп отырмыз. Біз де қарап қалмаймыз", - деді Ресей президенті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1d/14588932_148:0:1132:738_1920x0_80_0_0_f1a3caf6204b4654e3ff6d2417c32c36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин
Ядролық қаруды қолдануға қажеттілік болмады – Путин
08:54 13.03.2024 (жаңартылды: 09:16 13.03.2024) Оның айтуынша, Ресей мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана жаппай қырып-жоятын қаруды қолданады
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Арнайы операция кезінде ешқашан тактикалық ядролық қаруды қолданудың қажеттілігі болмады, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.
"Демек сізге мұндай ой келмеді ме?" деген сұраққа Путин: "Жоқ, оның керегі не?" деп жауап берді.
Оның айтуынша, Ресей жаппай қырып-жоятын қаруды мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана қолдануға дайын және Ресейдің "ядролық үштігі" басқаларға қарағанда соңғы үлгідегі екенін еске алды.
"Мұндай триада бізде және америкалықтарда ғана бар. Бұл тұрғыда біз әлдеқайда ілгері кеттік. Тұтастай алғанда тасымалдаушылар мен зарядтар бойынша тепе-теңдік сақталған, бірақ біздікі едәуір заманауи. Мұны бәрі біледі", - деді ол.
Владимир Путин АҚШ ядролық сынақтар өткізетін болса, Ресей де солай етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Ол мұндай сынақтарға тыйым салатын келісім бар екенін еске салды. Штаттар Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ратификацияламады, ал Ресей тепе-теңдікті сақтау үшін жасаған ратификацияны қайтарып алды, деп атап өтті Ресей президенті.
"Келісім АҚШ тарапынан ратификацияланбағандықтан, ол толық заңды күшіне енген жоқ. Бірақ соған қарамастан, біз бұл келісімдерді ұстанамыз", - деп мәлімдеді Путин.
Дегенмен АҚШ-та мұндай сынақтарды өткізу мүмкіндігі қаралып жатыр, деп толықтырды ол.
"Жаңа оқтұмсықтар пайда болған кезде, кейбір сарапшылардың пайымдауынша, оларды тек компьютерде сынау жеткіліксіз, табиғи түрде сынақтан өткізу қажет. АҚШ-тағы белгілі бір топтардың ойы осындай. Оны біліп отырмыз. Біз де қарап қалмаймыз", - деді Ресей президенті.